Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сабақтың бойлап және жуандап өсуі
Күнделікті жоспар биология 6 сынып

Сабақ: 12
Тақырыбы: §13. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – сабақтың ұзынынан өсуіне себепші факторларды және оның жуандауына әсер ететін заттардың мәнісін түсіндіру;
Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиетін, жалпы қоршаған ортаға деген жанашырлық сезімін дамыту;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Сабақ қандай қызмет атқарады? Сабақтың түрлерін атаңдар.
Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды сипаттаңдар. Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?
Өзек қандай қызмет атқарады? Қабық бөлімдерін, атқаратын қызметін талдаңдар.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Сабақтың бойлап өсуі ең ұшынан басталады. Сабақ пен бұтақтары ұшынан ұзарып өседі. Өсімдіктің ұзарып өсуі – төбе бүршігіне, жан - жағына жайылып, өсуі жанама бүршіктеріне байланысты.
Өсімдіктердің ішінде ең ұзын сабақ ротанг пальмасыныкі, биіктігі 200 - 300 м; шырша 60 м; қайың 30 - 35 м; үйеңкі 25 м; бамбук 20 - 25 м; банан 3 - 3, 5 м; ең аласа сабақты өсімдіктерге Австралия орхидеясы (1 - 2 мм) мен вольфия (1 - 2 мм) жатады.
Егер сабақтың ұшын кесіп тастаса (өсу нүктесі алынса), ұзарып өсуі тоқталады. Қолтық бүршіктерден бұтақтар (жанама өркендер) дамиды. Үлкен қалаларда, демалыс орындарындағы ағаштар мен бұталардың ұштарын шырпып белгілі пішінге келтіреді. Жеміс ағаштарын гүлдейтін өркендері көбірек дамып, көп өнім беру үшін көктемде шырпиды. Бөлме өсімдіктерінің шырпу арқылы гүлдейтін өркендерін көбейтуге болады.
Сабақтың жуандап өсуі. Камбий түзуші ұлпаға жатады. Камбийдің бір маусымның ішінде бөлінген жас жасушалары қабық пен сүрекке қарай ығысады. Сүрек бөліміне ығысқан жасушалар тобы көбірек болғандықтан сүрек қабаты қалыңдау болады. Бұл құбылыс жыл сайын қайталанатындықтан сабақ жуандай береді.

№8 - зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Ағаш діңінің кесіндісіндегі жылдық шеңбермен жұмыс.
Мақсаты: Ағаш діндерінің құрылысын қарап, жылдық шеңберлерін анықтап, олардың өсімдік үшін маңызын зерттеу.
Құрал - жабдықтар: әр түрлі ағаштардың (жуандығы да әр түрлі болуы керек) қалыңдығы 10 см көлденең кесінділері, ұлғайтқыш әйнектер (лупа), сабақтың ұзарып өсуін көрсететін тәжірибе.
Жұмыстың барысы:
1. Алдарыңда берілген әр түрлі жуандықтағы ағаш діңінің кесінділерін ұлғайтқыш әйнекпен қарап, жылдық шеңберлерін табыңдар. Сабақтың қай қабатында түзілетінін анықтаңдар. Әрқайсысындағы шеңберлерін санап, жасын айырыңдар.
2. Әр шеңбердің еніне (қалың, жұқалығына) қарап, климат жағдайының қандай болғандығын түсіндіріңдер.
3. Көрген кесінділеріңді оқулықтың суретімен салыстырып талдаңдар.
Нәтижесі:
Суретін сал

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама