Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сабақтың типтері мен кезеңдері
Шығыс Қазақстан облысы
«Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ
Баймухамбетова Гульбану Сунгатолдиновна

Коучингтің тақырыбы: Сабақтың типтері мен кезеңдері
Мақсаты: Сабақтың кезеңдерінің негізгілерін білу. Сабақтың әр кезеңдерінде қандай әдістемелік тәсілдерді қолдануға болатынын білу. Сабақта рефлекцияның қандай түрлері болатынын қайталау.
Оқыту нәтижесі: Коучингке қатысушылар сабақтың типтерін, формаларын, кезеңдерін;
Сабақтың формасына қойылған мақсаттың қалай әсер ететінін біледі. Қазіргі сабақтың негізі - сын тұрғысынан ойлау стратегиясын қолдану екенін түсінеді.
Негізгі идеясы: Сабақтың сәтті өтуі - оның нақты жоспарлануы. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету.

Сабақ - мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы, интеллектуалдық байлығының өлшемі, ой - өрісі мен білгірлігінің көрсеткіші.
Сухомлинский В. А
Коучингтің өту барысы:
1. Мұғалімдерді фигуралар арқылы топқа бөлу.
2. Сабақтың тақырыбымен таныстыру. «Сабақтың типтері мен кезеңдері»
Бүгінгі сабақтан не күтеміз? (стикерге жазып, алдарына қояды)
3. Ой шақыру: Мақсатқа жету туралы видеоролик көрсету «Свинка против печенья»
4. «Миға шабуыл»Сабақтың мақсаты деген не және ол не үшін қажет?
Топта талдап орындайды. Постер жасайды. ( СТО модулін қолдану)
5. Сабақ мақсаты туралы коучтың сөзі.(Слайдта көрсетіледі)

6. Топтарға тапсырма беріледі: Әр топқа сабақ кезеңдері таратылып беріледі де, сол бойынша бұл кезеңдер сабақтың қандай типіне жататынын анықтайды.
1 - топқа 1. Аралас сабақ кезеңдері
2. Алынған білімді жинақтау, қайталау сабағының кезеңдері
2 - топқа 1. Жаңа материалды меңгерту сабағының кезеңдері
2. Сабақты бекіту, білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру сабағының кезеңдері
7. Сергіту сәті. Видео «Любимые фразы учителей»
8. Мұғалімдерге мынадай сұрақ қою:
Сабақтың қандай типі айтылмай қалды?
Әр топқа осы сабақтың кезеңдерін жазуды тапсыру.(Әр топ ойланып, жазады да, шығып талдайды.)
9. Коучтің сабақ типтері мен кезеңдері туралы түсіндіріп, талдауы. Слайдтар көрсетіледі.
10. Топтық жұмыс. Кластер жасайды. Кез келген бір сабақтың жоспарын құрып, оны талдайды.
11. Венн диаграммасын толтырады. Сабақтың типтеріндегі бірдей кезеңдерді және айырмашылығын көрсетеді.
12. Кері байланыс парағын толтырады.

Кері байланыс парағы
Аты – жөнің________________________
Коучинг тақырыбы__________________
Коучингтің өзектілігі_________________
Не үйрендің________________________
Пікірің_____________________________
Ұсынысың _________________________
13. Коучинг басындағы толтырған стикерді «Таным ағашына» жапсырады.
14. Қорытынды. «Жарық құмыра» слайдты көрсету.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама