Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сәбит Мұқанов сатқын ба?

Өмір өзінің ағысымен жүзетін, кемедегі жолаушыларды өз мәресіне жеткенде қалдырып кететін құбылыс іспетті. Осы бір әлемде, небір жандар кездеседі, бірі аңқылдаған аңқау, енді бірі шындық деп нақақтан жала жаба қарғайтын адамдар. Расында, өмір ақ пен қарадан, жақсы мен өз орнын білмейтін адамдардан тұрады. Өткенге көз тастап еліміздің асыл азаматтарына қызыға әрі таңдана қарайтынымыз рас-ақ. Бірақ, біздіңде тарих беттерімізді парақтап отыратын өскелең ұрпақта көзімізді ашып-жұмғанша келетіні баршамызға аян. Осы мендік болмысты өзгертіп, мәлім жайларды, беймәлім қылып жала жабушыларда кездесеріде сөзсіз. Дәл қазіргі "Алаш қайраткерлеріне қиянат жасаған Сәбит Мұқанов" - деген шындыққа жанаспайтын жала секілді. Анығында, Сәкен атамыз сатқын ба? Немесе соншалықты қазаққа зиян келтірер қиянатшыл адам ба?

Адам баласы екі жанарымызға емес, құлақ деген денемүшеміздің естігенін тілімізбен асқақтай айтамыз. Сол дүниені мына ақылға салып тарих беттерін зерттеп қарап көрдік пе? Жоқ бір ғана мысал: әлеуметтік желіден " Сәбит сатқын" - деп іздеңізші, жалған мәліметтер өріп жүр. Оған жазылған пікірлерге шолу жасасақ: "Қазақтың жауы қазақ!" - дейді, бұдан сорақысы " Осындай сатқындарды ұрпаққа қаралау керек, қазір тұрып кітаптарын өртеймін"-дейді. Жаныңды жаралайды, дәл қазір Сәбит атамыз мына пікірді естіген болса іш құса болмас па еді? Біз өзімшілдігімізді тағыда дәлелдейміз, " Мен жастарға сенемін"-деп ұрандатқан Мағжан Жұмабаевтың жастары біз бе? Тарих толқынына зер салмай, шалып өткен дауылға мән берерлік қасиет мына біздің бойға қай уақытта сіңген еді? "Шыңғыс хан біздікі" - деп дауласып жүрген, өз ертеңін ойлауды емес, өз құлқын ойлаған бізге Сәбит атамызға нақақтан жала жабу қай сасқанымыз? Расында Сәбит Мұқанов қастандық жасаған болса Мағжан Жұмабаев пен Ғабит атамыз сенім артар ма еді? Бауыржан Момышұлы: «Қайран, Сәбең! Аңқыл­даған, аузын ашса, көмейі көрі­нетін, ақпейіл, керемет те адал азамат, ағаға іні, ініге аға, бауырмал кісі еді-ау"- деген пікірі арқылы мерейін асқақтатқан еді. Ақ жүректі, елдің қамын жасап, мына әлемге жақсылық орнатуды көздеп жүрген жанға өзіміздің қызғанышымызды білдіріп, қолтаңбасын қалдырғанға қиянат жасап тарих бетіне бұрмаланған деректерді қосып мына санасы әлі жетіле қоймаған ұрпаққа жаман бейнедей қалдыру мақсат па? Осы арада қазақтың тарихындағы өр тұлға азаматтарына, өз қазағымыз зиян келтіріп жүр емес пе? Қазір сізге "өмірдің бұралаң тұсын көрмеген,өрімдей жас қыз нені білер дейсің"- деген ой келері сөзсіз. Мендік сөзге иланбасаңыз,филология ғылымдарының докторы Күләш Ахметованың "Мағжанды ұстатқан Сәбит Мұқанов па?" атты мақаласын оқуға кеңес беремін. 

Тарих толқынындағы бізге мәлім жайлардың, беймәлім тұстарына үңілгеніміз абзал. Біз білетін шындық нағыз шынайылық емес бұрмаланған жала екеніне көзіңіз әр уақытта жетері сөзсіз. Бүгінгі тақырып бір ғана мысал, осындай қазақ елінің батыл,өр тұлғалы азаматтары жайында ашылмаған сырлар мен қазылмаған еңбектер көп-ақ. Тоқсан ауыз сөздің түйіні, екі құлақпен естігеннің бәрі шынайы емес, сондықтан барлығына зер салып тарих парақтарын ақтару арқылы нағыз ақпаратты білгенімізше іздене түскеніміз дұрыс. Қаңқу сөзге еріп жас ұрпақтың санасын улап, адасқандардың қатарында болмайық!

Тынышбек Даниза Қанатқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама