Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сәбит Мұқанов “Сұлушаша” поэмасы (Қорытынды сабақ)
Тақырыбы: Сәбит Мұқанов “Сұлушаша” поэмасы (Қорытынды сабақ).
Сабақтың мақсаты:
1) С. Мұқанов поэмалары туралы түсінік беріп, мазмұнын меңгерту.
2) Ой - ерісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын дамыту, өзіндік жұмысқа дағдыландыру.
3) Поэма мазмұнын меңгерте отырып адамгершілікке, адалдыққа, шынайылық, рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сынақ хат, оқулықпен жұмыс, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта.

Сабақ барысы
1. 1. Ұйымдастыру.
Сыныпты 2 топқа бөлу.
2. 1. “Әдеби сынақ хат” (үй тапсырмасын сұрау) (интерактивті тақтада)
1 - топ
1. С. Мұқанов..... жылдары өмір сүрді. (1900 - 1973)
2. 1922ж. Орынбасар қаласында... оқиды. (жұмысшы факультетінде.)
3. 1926 - 1928 ж. С. Мұқанов республикалық... газетінде жұмыс істейді. (“Еңбекші қазақ”).
4. Мұнан кейінгі жылдарда..... университетінде кейін.... қызыл профессура институтында оқиды. (Ленинград, Мәскеудегі).
2 - топ.
1. 1937ж.... қызметін атқарды. (Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы).
2. Бұл кездегі С. Мұқанов қаламынан шыққан ірі туындылар...,...,....(“Ботагөз”, “Менің мектептерім”, романдары, “Колхозды ауыл осындай”).
3. 1950ж. С. Мұқанов... романын,... пьесасын жазды. (“Сырдария”, “Ш. Уәлиханов”).
4. “Сұлушаш” поэмасы... жарық көрді?

2. Ақын шығармаларын ата.
3. 3. “Сұлушаш” поэмасына сатылай кешенді талдау.
Тақырыбы:
Авторы:
Әдеби жанры:
Кейіпкерлер:
Шығарманың композициялық құрылысы.
А) оқиғаның басталуы:
Ә) оқиғаның дамуы:
Б) оқиғаның шиеленісу:
В) оқиғаның шарықтау шегі:
Г) оқиғаның шешімі:

Шығарманың негізгі идеясы:
Әдеби - теориялық ұғымдар.:
А) Эпитет:
Ә) Теңеу:
В) Көнерген сөздер:
Г) Мақал - мәтелдер.

Кестені толтыру.

4. “Талдау - табыс кілті” ( Ұжымдық жұмыс)
Әр топқа тапсырма беріледі.
1 - топ
1. Тілеуберді байдың қызын Алтайға беруге қарсы болуына көзқарастырыңыз.
2 - топ.
1. Қызды үлкендердің атастыруы.

5. Мәнерлеп оқу.
Мәтіннен Алтайдың монологын оқытқызу.

6. Кейіпкерлерге мінездеме береді.
1 - топ - Сұлушаш
2 - топ - Алтай
6. Өлең жолдарының құрылысын талдау.

Күн - күн санап// толқыды // туған айдай, 11б а
Қап - қара көз// қыр мұрын,// қасқа маңдай, 11б а
Қаз мойынды//, кең иық//, сұлу тұлға, 11б б
Тіп - тік боп // тауда өскен// қарағайдай 11б а
А, а, б, а – қара өлең ұйқасы.
3. Бекіту.
“Орамал тастамақ” ойыны
1. С. Мұқанов қай жерде туған?
2. С. Мұқановтың өлеңдерін ата.
3. С. Мұқанов қандай қызметтер атқарды?
4. С. Мұқановтың прозалық туындыларын ата.
5. “Сұлушаш” поэмасының тақырыбы, идеясы не?
6. Сұлушаш пен Алтайдың трагедиялық жағдайының басты себебі не?
7. “Сұлушаштың” реалистік шығарма екенін дәлелде.
8. “Сұлушаш” поэмасының маңызы не?

М. Базарбаевтың сөзімен қорытындылау. “Сұлушаш поэмасы нағыз реалистік шығарма. Оның қаhармандары - ойдан жасалған, қиялдан шыққан, жансыз, қансыз суреттер емес, өмірдің қайнар бұлағынан алынған таза жанды, ыстық қанды еңбек адамдары”
4. Үйге тапсырма:
1. Поэмадағы әдет - ғұрып, халық психологиясының көрінісін сипаттап жазып келу.
2. Поэмадан үзінді жаттау.
5. Білімді бағалау.
Октябрь орта мектебі
Өткізген: Нуртазина А. К.
Сәбит Мұқанов “Сұлушаша” поэмасы (Қорытынды сабақ) жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама