Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сәдуақас Боқаев
Боқаев С.Х. (1907-1942) – математика саласы бойынша Қазақстаннан шыққан тұңғыш доцент, алғашқы ғылым кандидаттарының бірі, қазақстандағы жоғары математикалық білім беру ордаларының қара шаңырақтары – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің физика-математика факультетінің негізін қалаушылардың бірі.
С.Боқаев 1907 жылы 17 наурызда Семей облысы, Абай ауданы, Көкбай ауылында дүниеге келген. Сауатын Зайсанда ашады. Әкесі Сәдуақасты кішкене күнініен бастап інісі Тайыр Жомарбаевтың (қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, ақын және драматург) пен Адгия Фархисламовнаның тәрбиесіне берді. Соның арқасында мектеп бағдарламасы көлеміндегі математиканы жақсы игеріп, олар оны Орынбор халық ағарту институтының физика-математика бөліміне оқуға жіберген. Осы институтта сабақ берген К.И.Торопов қабілетін байқап, институт директоры Қ.Тоқыбаевтың алдында С.Боқаевты Мәскеуге оқуға жіберу туралы мәселе қояды. Ол Орынбор халық ағарту институтының физика-математика бөлімін, 1928 ж І – Мәскеу мемлекеттік университетінің астрономия-математика бөлімін бітірген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама