Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сағиттың сөзден сүріндіруі

Дуанбасы Жайықбайев Ыбырайдың туысы — Омар өте қатал кісі екен. Өзіне бағынбағандарды табанда тұтқындатып, айдатып жіберу әдетіне айналыпты.

Бір жылы өзінің кедей ағайынын айдатпақ болады. Оның бар кінәсі болыс отырған ақ ордаға рұхсатсыз кіріп келгендігі болса керек.

Осыны естігенде Сағит шешен ара түсіп, болысты әзер тоқтатыпты. Ойдағы бұзықтығын орындай алмай булыққан Омар Сағит шешен үйден шыға бергенде:

— Әжептәуір адамға да иттің атын қояды екен-ау! — деп мырс етіпті.

Сонда Сағит шешен артына жалт қарап:

— Мен ит болсам да сендей өз ұяласымды талаған жоқпын ғой! — деп шығып кетіпті.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама