Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сәкен Жүнісов "Ақырғы бәйге"
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Жүнісов, «Ақырғы бәйге»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға романнан үзіндіні оқыта отырып, мағынасын ашуға, негізгі идеясын түсіндіре білуге баулу;
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Шығарманы оқыта отырып, түсіндіру, мағынасын аша білуге үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларға шығарманың мазмұны мен идеясын түсіндіре отырып, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың шығармаға деген қызығушылықтарын арттырып, мағынасын жүйелі аша білуге баулу;
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, әңгімелеу, СТО әдістері;
Сабақтың көрнекілігі: Ақан портреті, С. Жүнісов «Ақан сері» романы, С. Жүнісов портреті, І.Жансүгірұлының «Құлагер» поэмасы, Құлагер портреті, «Құлагер» әні
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, музыка, тарих.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңыздар! Бүгін сабақта кім кезекші? Бүгін сыныпта кім жоқ? Үйге қандай тапсырма берілді?

II. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ - жауап:
1. М. Мақатаев кім?
2. «Фантазия» өлеңінде бүгінгі шындық қалай суреттелген?
3. «Барлығы да сендердікі» өлеңі кімдерге арналған?
4. «Мен таулықпын» өлеңінен қандай бейнелі құбылыстарды кездестіруге болады?

III. Жаңа сабақ
Кіріспе:
Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы (1. 2. 1934 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылту ауданы, Қызылту ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы (1996). Қазақстанның халық жазушысы (1996). ҚазҰУ - ін бітірген (1957). "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналында (1957 - 59), Қазақ драма театрында (1960 - 64) әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қостанай педагогикалық институттында оқытушы (1964), "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі (1964 - 68), КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1988 - 92) қызметтерін атқарған. "Аманай мен Заманай" романы (1987) бойынша "Заманай" атты көркем фильмі түсірілді. Жүнісовтің "Ажар мен ажал" (1967), "Тұтқындар" (1972), "Жаралы гүлдер" (1973), "Қызым, саған айтам" (1973), "Қос анар" (1974), "Әр үйдің еркесі" (1975), "Қысылғаннан қыз болдық" (1976), "Кроссворд" (1981), "Елім - ай", "Сабалақ Абылай", "Сәукеле", тағы басқа пьесалары республикалық және облысы театрлар сахналарында қойылған.
I. Ой шақыру. Балалар «Бәйге», «Құлагер» деген сөздерді естігенде сендерге қандай ой келеді? (Оқушылар өз ойларын дәптерге жазып, дауыстап оқиды).
II. «Ақырғы бәйге» романнан үзінді түсіндіріледі (Бұл тақырып ұзақ әрі күрделі болғандықтан мұғалім үйде дайындалып оқып келеді де оқушыларға мазмұндайды)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама