Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сәкен Сейфуллин «Далада»өлеңі
Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Далада»өлеңі
6 сынып
Сабақтың мақсаты:
• Білімділігі: Қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. «Далада» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі идея - оқу - білімге шақыру, болашақ жастарға деген сенім мәселесін көтеру.
• Дамытушылығы: Өлеңді мазмұнына сай мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Оқушылардың алған білімдерін ары қарай дамытып, өз ойларын толық қорытып жеткізе білуге ұмтылдыру. Сауатты жазуларын қадағалау.
• Тәрбиелігі: Оқушыларға өлеңді оқыта отырып, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ түрі: Дамыта оқыту
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақ көрнекілігі: Сюжетті суреттер, сызбалар, интерактивті тақта арқылы жүргізу.
Сабақ әдістері: Қызығушылықты ояту, ой шақыру, жіңішке және жуан сұрақтар, категориялық топтастыру, автор орындығы, тренинг.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, сыныптың үй тапсырмасына дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы:
5. Жіңішке, жуан сұрақтар стратегиясы бойынша жұмыс.
Жіңішке
1) Жазғы даланы автор кімге теңеген?
2) Жазда дала қандай түсе енеді?
3) Жазда даланың иісі қандай болады?

Жуан
1) Анаға теңейтін себебі не?
2) Ол неліктен?
3) Автор үшінші шумақта жазғы даланы неге теңейді?

6. Бір сәт «Жазғы дала» кейпіне енейік. Бұл ойынның шарты: Жазғы табиғатты бейнелейтін жан - жануар, көк майса шөп, күн қызуы, шыбынсыз жаз, ән салған көкек т. б. бейнесін сомдап сөйлеу.

7. Енді осы ойымызды жинақтау үшін категориялық топтастыру арқылы ой түйіндейік.
- Сонымен бұл қай кезде болады?
- Бұл көк орай шалғын бөктерде жаздыгүні шілде туғанда болады.

III. Бағалау – рефлекциялық кезең
1) Сәкен Сейфуллин ақынымыздың кішкентай ізбасарларын «Автор орындығына» шақырайын. Кімдер өз ойын толғаныстарын білдірер екен?
Өлең шығарған, ұйқас даярлаған оқушылар шығып өз шығармаларын оқиды.
2) Өзін - өзі бағалау парағы жүріп отырады.

IV. Үйге тапсырма
Өлеңді жатқа айтуға дағдылану.
Өзін - өзі бағалау парағы

Сәкен Сейфуллин «Далада»өлеңі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама