Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Салалас құрмалас сөйлем /Алғыс айту - ризашылық белгісі/
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың атауы: Салалас құрмалас сөйлем /Алғыс айту - ризашылық белгісі/
Сілтеме: Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы: Тақта, суреттер, кеспе қағаздар
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға тақырыпты меңгерту, оқушылардың өзіндік ізденістерін қалыптастыру, ізденімпаздық пен ұшқырлыққа жетелеу. Жаңа әдіс - тәсілдерді сабақта тиімді қолдану арқылы терең ойлы, зерделі де зейінді жеке тұлғаны қалыптастыру. Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Күтілетін нәтиже: Тақырыпты оқи отырып, біліктіліктері артады. Алған білімі туралы дүниетанымы кеңейіп, ойларын жинақтап, зерделейді. Ой қорытып, сыни тұрғыдан баяндайды, талдайды, сыни көзқараспен баға береді.

Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Ынтымақтастық атмосферасы
«Шаттық шеңбері» арқылы оқушылар қол ұстасып, дөңгелене тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтады.
Ашық, жарқын көңілменен,
Сабағымызды бастайық.
Небір сұрақ, тапсырма,
Қиынсынып қашпайық.

Алғыс айтып бірімізге,
Ай мен күндей толайық.
Бірге күліп, бірге жүріп,
Тату - тәтті болайық.

Мұғалім сөзі: Алғыс айту – әрбір адамның міндеті. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз. Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар. Алғыс арқылы біздер бір - бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. Алғыс айту - адамдар арасында жақсы қарым - қатынас орнатады. Алғыс айту - жанды жылытады, сенім ұялатады, қуанышқа кенелтеді, жабырқауды сейілтеді, сыйластықты арттырады, достықты нығайтады.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы.
"Құрық орта мектеп - гимназиясы" КММ
Қазақ тіл мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оспанова Ақмарал Бақбергенқызы

Салалас құрмалас сөйлем /Алғыс айту - ризашылық белгісі/ жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама