Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
Тақырыбы: Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл

Мақсаты: Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін түсіндіру;
- зиянды заттарды қолданудың алдын алуға, өмірін бағалай білуге, өз ойларын ашық айтуға баулу;
- салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;

1. "Тілек шамы"
Әр біріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін, ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен, күлімдеген көзбен, жымиған езумен жеткізейік.
Құрметті бүгінгі шарамыздың қонақтары!
Адамның жастығы дегеніміз тамаша, сәулетті көктем, ол өмірде бір ақ рет беріліп және қайтып келмейтін адам баласының естен кетпес балауса бақытты шағы. Ата – бабаларымыз “Денсаулық зор байлық” деген сөзін тегін айтпаған. Денсаулық әрбір адамның жеке байлығы болса, дені сау адам қоғам байлығы. Ал қоғам жеке адамнан құралады. Осыған орай, бүгінгі ұйымдастырылып жатқан шара мақсаты өркениетті еліміздің сіздердей азаматын, зиянды әдеттерден аулақ болуға, спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануды көздейді, әрбір оқушының өз денсаулығын сақтап, қорғай білуіне ықпал ету.
Ертеде ауа тазалығы бұзылмай, қоршаған орта ластанбай тұрғанда, адамдар аз ауырған. Ең даланы еншілеп, қыста қыстауда, жазда жайлауға көшіп - қонып күн кешкен ата - бабаларымыздың дені сау, ұрпақтары әлжуаз болмаған. Себебі, ішкендері жылқының қымызы мен түйенің шұбаты, қазақтың ағы айраны мен сүті болған. Ежелден негіздеген қазақ жолы - сара жол, мал ағымен сусындаған адал жол болған. Ал қазір ше? Қазір қоғамымызда жайлап бара жатқан зиянды әдеттердің бәрі темекі шегуден басталады екен.

2. “Уланбасын өмірің!”
Ал тек қана бір рет темекі тартқаннан бастап, адам денесінде мынадай басты өзгеріс болады: Медбике: Бақыт сөз алады.

1. Миға баратын қан азаяды, ми аз жұмыс жасайды
2. Жүрек соғу ритмі артады, жүрек ұстамасы болады
3. Тыныс алу жиілейді
4. Уақыт ұзай келе асқазанда қабыну және жара болады.
5. Тамырлар жиырылады, қан қысымы жоғарылайды
6. Бүкіл органдарға баратын қан азайып, әрбір органның жұмыс жасауы нашарлайды.
7. Адам денесіне 1, 5 мг никотин сіңеді.
Ал Никотин - жүйке жүйесіне, ас қорыту және жүрек - қан тамырлар жүйесіне
әсер ететін ерекше у.

3. Ойланайық пікірлесейік
- Салауатты өмір салтын ұстану не үшін қажет?
- Денсаулықтың дұшпандарын ата?
- Денсаулықтың он құпиясы?
- Енді біз денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.
1 - топ «Денсаулық»
Ұраны: «Денсаулық – зор байлық».
2 - топ «Салауат»
Ұраны: «Салауатты өмір – денсаулықтың кепілі»
Блиц сұрақтары.
Дөрекі мінез - құлыққа алып келетін сусын (алькогольдік ішімдік)
Ағзаның қорғаныштық қасиеті (иммунитет)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама