Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сәлем, Жаңа жыл!
Тақырыбы: «Сәлем, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айта білуге үйрету. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген шырша, бетперделер, техникалық құрал, шарлар.

Жүрісі:
Зал іші әсем безендірілген. Ортада әрі үлкен, әрі әдемі шырша құрулы тұр. Шырша әр түрлі жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Музыка әуені ойнатылып, балалар залға кіреді.
Тәрбиеші:
- Армысыздар, құрметті ата - ана, ұстаздар, балалар! Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт – береке алып келсін!
- Біздің сыныптың балалары Аяз атаны көптен күтіп жүр. Мерекемізді бастамастан бұрын Аяз атаны Ақшақармен бірге ортаға шақырайық.
- Қане, қаттырақ дауыстайық! А - у - у, Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата!
Аяз ата Ақшақармен бірге залға кіреді.
Балалар: - Сәлеметсіз бе, Аяз ата? Сәлеметсіз бе, Ақшақар?
Аяз ата:
- Амансың ба, ұлдарым?
Амансың ба, қыздарым?
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр аз демалғым.
Ақшақар: - Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз алыстан шаршап келе жатырмыз. Сендер жаңа жыл мерекесін өткізгелі жатыр дегенді естіп, келіп тұрмыз. Бізге арнап айтар тақпақтарың, әндерің, билерің бар ма, тамашалап көрейік.
Тоғай:
Ал халайық тұрмайық,
Әндетейік жырлайық.
Думандатып би билеп,
Інжу - маржан шашайық.
Асылай:
Төрле – төрле жаңа жыл.
Айналамыз тебірене жаңа жыр.
Төрле – төрле құтты жыл.
Халыққа әр күн төгіп нұр.
Төрле, төрле құтты жыл.
Қуаныштан айналады әлем – жыр.
Балалардың қуанышында шек болмай.
Жүректері қуаныштан толқып тұр.
Ахмедияр:
Сәлем, достар, аман ба?
Шырша құрып алаңға,
Жылға шашу шашайық,
Тойлап көңіл ашайық.
Ақырыс:
Тілеймін мен бар әлемге
Жаңа бақыт, жаңа жыр
Папа, мама, папа, мама
Құтты болсын, жаңа жыл!
Би: «Санта Клоус». Орындайтындар: Нұралы, Дәулет, Жанкелді, Ахмедияр, Бекұлан.
Надира:
Аяз ата аман ба?
Аман болғай қашанда.
Қарша қызды сүйеміз
Ізетпен бас иеміз!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама