Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сан аралықтары
Есілбай жалпы орта білім беру мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Айтмаганбетова Құралай Каримоллақызы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

математика 6 сынып
Тақырыбы: Сан аралықтары
Мақсаты - Сан аралықтарын және санды теңсіздіктердің шешімдерін сан аралықтарында белгілеуін білу және есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
а) Білімдік: Оқушыларды теңсіздіктер шешімін сан аралығымен жаза білуге, координаталық түзуде кескіндей білуге қалыптастыру.
ә) Тәрбиелік: тез ойлап, дәл таба білуге тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту.

Міндеттері: - Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарын ажырата білу;
- Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарын іс - тәжірибеде дұрыс қолдану;
- Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарының таба білу.
- Оқушыларды ізденіске, ойлауға баулу.

Қолданатын модульдер:
1. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлау.
3. Оқытудағы ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану.
4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
5. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
6. Оқытудағы басқару және көшбасшылық.
Сабақ түрі: топтық және жұптық жұмыс.
Сабақ типі: Практикалық сабақ.
Стратегиялар, әдіс - тәсілдер: Сергіту сәті «Шаттық шеңбері» жылы лебіздер арқылы.
Топтастыру( математикалық фигуралардың түстерімен мозайка қиылған суреттер бойынша
«Кубизм», «Көршіңді тексер», «Болжау», «Ойлан - бөліс - талқыла», «Миға шабуыл» Рефлексия.
Күтілетін нәтиже:
- Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарын ажыратады;
- Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарын іс - тәжірибеде дұрыс қолданады;
- Координаталық түзу бойындағы сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуын табады.

Психологиялық көңіл - күйді реттеу. Мақсаты: жағымды эмоция орнату.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар және бүгінгі сабағымыздың көрермеңдері. Оқушыларды ынтымақтастық қарым - қатынасқа түсіру.
Мұғалім оқушыларға сәттілік тілейді:
Күннің шуағындай жылу тілеймін.
Қажымас қайрат тілеймін.
Таудай талап тілеймін. Сәттілік тілеймін.
Топқа бөліну
«Мозайка» суреттер қиындыларымен
Мақсаты: серіктестік қарым - қатынас жасауға ыңғайлы орта құру.
Оқушылар топта тұрған балалармен қолдарын ұстап алақан жылуы арқылы бір - біріңе жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.
1топ, 2 топ
Топтасады
1топ - интервал, 2топ - кесінді
Әр топтан топ басшысы топтарға жылы лебіздер айтады.
Сабақтың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
«Көршіңді тексер» әдісі Мақсаты: Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Слайдта үй жұмысының шешімі тұрады.
Үй тапсырмасы № карточка 1 1007(1)
Топтағы оқушылар бір - бірінің дәптерлеріндегі үй жұмысын тексеріп бір - бірлеріне баға қояды.
Кубизм» стратегиясы.
«Кубизм» стратегиясының шарты: әр топқа сұрақтар кубик арқылы лақтырылады, қойылған сұрақтарға жауап беру керек.
Мақсаты: оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, бекіту, оларды жылдамдыққа, ептілікке, алғырлыққа үйрету.
«Болжау» стратегиясы. Мақсаты: ой белсенділіктерінің дамуына ықпал ету. Мысалдар келтірілген: Слайд

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама