Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін тиянақтау; қабылдауын байқау, осы тақырыпты жан – жақты дамыту және оқушы біліктілігін арттыру.
түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту және күрделендіру. Ойлау процесін дамыту, шығармашылық қабілетін шыңдау. Өлеңдер, жұмбақтар, мақал – мәтел арқылы оқушылардың сезіміне әсер етіп, әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерді таныту, дарыту
Оқушылардың тапқырлық ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
ұлттық тәрбие негізінде өз ұлтының ғасырлар бойы жинақталған құнды тәжірибелері мен тәлім – тәрбиесін, адамгершілік қағидаларын оқушы бойына сіңіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: жеті модуль, сұрақ – жауап, ойын элементтері, т. б.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт, маркерлер, үлестірмелі қиықшалар, т. б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін - өзі тану, математика, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық. (сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатымен «Жылы лебіз» сәтін өткізу)

ә) Үш топқа бөлу. (қиынды қағаздар арқылы) «Бірлік», «Ондық», «Жүздік». Үш топтың аты «Сан есімге» байланысты қойылған.

Үй тапсырмасын сұрау. Қайталау сұрақтары
- Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді?
- Реттік сан есімнің жұрнақтары?
- Болжалдық сан есім дегеніміз не? Жасалу жолдары қандай?
- Жинақтық сан есімдерді ата. Жұрнақтары қандай?
- Топтау сан есімдері қалай жасалады? Мысал келтір
- Бөлшектік сан есімдер қалай жасалады? Қандай бөлшектерге бөлінеді?
- Күрделі сан есімдер қалай жазылады?
- Реттік сан есім рим цифрмен берілсе қалай жазылады?

Әзіл – аралас сұрақтар. ( Мақал – мәтелмен жауап беру. Сандарды орыс және ағылшын тілдерінде атау)
1. Неше қошқардың басы қазанға сыймас? (екі - два - two)
2. Неше рет өлше,... кес.? (Жеті - Seven, бір - one)
3. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Бір - One, мың - thousand)
4. Жігітке неше өнер аз? (сегіз - eight)
5. Нешеу ала болса ауыздағы кетеді? ( алтау - six)
6. Неше сомың болғанша, неше досың болсын? ( жүз - one hundred)
7. Жалқаудың ісі нешеу? (екі - two)
8. Қанша саусақтан өнер тамады?

Оқулықпен жұмыс. Үш топқа тапсырмалар орындату.
Шығармашылық жұмыс. Әр топқа сурет беріледі. Сол бойынша сан есімдерді қатыстырып мәтін құрастыру керек. Мәтінге тақырып қою керек. Топтан біреуі шығып мәтінді оқып, талдайды. Сан есімдерді атайды.
Осыдан кейін әр топқа флипчарттар үлестіріледі. Қазақтың киелі сандарына байланысты мақал - мәтелдерді флипчарт бетіне түсіреді, мағынасын түсіндіреді.
1. 7. атасын білмеген жетесіз.
2. Қызға 40.. үйден тию.
3. 6 - ау ала болса, ауыздағы кетеді.
4 - еу түгел болса, төбедегі келеді.
4. "40 - тың бірі - қыдыр"
5. Білгенің. 9.., білмегенің.. 99..
6. 90 ауыз сөздің тобықтай түйіні
7. 7 - ге келгенше жерден таяқ жерсің
8. 40 кісі бір жақ – қыңыр кісі бір жақ
9. 3 арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
3 байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама