Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Сандардың нумерациясы
Математика
№1. Тақырыбы: Сандардың нумерациясы.
Мақсаты: үш таңбалы сандардың құрылу тәсілдерін қорытындылау; оларды салыстыру; алдыңғы, келесі түсініктерін пайдалана отырып, натурал сандар қатарындағы сандарды табу дағдыларын жетілдіру.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, есептеу, салыстыру.
Көрнекілігі: суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Көркем жазу сәтіне 1, 2, 3 цифрларының көмегімен үш таңбалы сандар жазу ұсынылады. (123, 132, 213, 231, 312, 321)
- Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды; ең үлкен санды; 1 ондығы бар санды; 1 бірлігі бар санды; 3 ондығы бар санды ата. 312 мен 321 сандарының арасындағы сандарды жаз.
1. Оқулықпен жұмыс. № 1 ауызша есептеу. Жасырын сандарды ата.

2. Сандар туралы білімдерін қайталауға арналған жұмыс.

№ 2. Өздік жұмыс. Сандарды ата. Оларды кему ретімен жаз.
№ 3. Салыстыр. Жұптық жұмыс. Есептемей – ақ салыстыру.
699 – 90 808 – 80
400 + 80 > 400 + 8
550 + 50 > 550 + 5
998 – 900 < 998="" –="">
665 – 60 – 5 = 665 – 5
№ 4. Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте. (Үш қатардан 3 оқушы, жарысу).

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,
Лекер жалпы негізгі білім беру мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Тасыбаева Канипа Казесовна
Сандардың нумерациясы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама