Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Санды 7-ге көбейту және бөлу
Сабақтың тақырыбы: Санды 7 - ге көбейту және бөлу
Мақсаты:
білімділік: 7 - ге көбейту және бөлу жағдайларын пысықтау. Көбейту кестесін қайталау, көбейту мен бөлудің өзара кері амалдар екенін тиянақтай түсу.
дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту үшін ауызша, жазбашы есептеу дағдыларын қалыптастыру
тәрбиелілік: Зеректілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қима қағаздар
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, зейіндерін ашу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тестік әдісі арқылы өтеді.
Х: 6= 6 36: Х = 6 Х. х 6 =36 6 х Х = 36
А/ 6 ә/ 36 б/ 3 в/ 9
ІІІ. Жаңа сабақ
Ребусты шешу /жеті/
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 7 - ге көбейту және бөлу.
- 7 - ге байланысты қандай ұғымдарды білесіңдер?
Ой шақыру:
- Жеті қандай сан?
7

Апта
Күн
Қазына
Тақ сан
Керемет
Нан
2.
Оқулықпен жұмыс
№1
7 х7 =7х6+7
7х7 = 49
49: 7 = 7
Жетіге жетіні көбейту дегеніміз - жетіге алтыны көбейту және шыққан нәтижеге жетіні қосу.
8х7= 8х6+8 8 х7 = 56 56: 7 = 8
9х7= 9х6+9 9х7= 63 3: 7 = 9
3. Дәптермен жұмыс
№2
Салыстыр: Ұқсастығы неде?
Айырмашылығы неде?
а/ Әкелінді - 63 қой терісі
Тігілді - 7 тон Әрқайсысына 7 тері
Қалды -? тері
Шешуі: 63 -/7х7/= 14
Жауабы: 14 қой терісі қалды.
ә/ Тікті - 7 құлақшын біреуіне 2 суыр
Терісі жұмсалды
Қалғаны - 12 тері
Болғаны -? Суыр терісі
Шешуі: 2х7+12 = 26
Жауабы: Барлығы 26 суыр терісі.

«Сергіту сәті»
№3
«Кім жылдым?»ойыны арқылы орындалады.
1 - қатар --------------------- 2 - қатар
8х7= 56 ----------------------- 56: 7 = 8
56: 8 = 7 ---------------------- 7х8 =56
9х7 =63 ----------------------- 63: 7 = 9
63: 9 =7 ----------------------- 7х9= 63
7х7 = 49 ---------------------- 49: 7= 7
7х1 =7 ------------------------- 7: 1 =7
7: 7 =1 ------------------------ 1х 7= 7
V Қай өрнектер 7 - ге көбейту кестесімен келтірілген?
56: 7 = 8 --------------- 56: 8 = 7 ------------ 63: 9 =7 ------------- 9х7 =63
8х7 = 56 --------------- 7х8 = 56 ------------ 7х9 = 63 ------------- 63: 7= 9
Көбейту кестесімен берілген тапсырманың астын сыз
«Тақтамен жұмыс»
20: 2+5
120: 10
90: 3 - 2
200: 10
4х3
9х2
5х4
7х4
Телефон ойыны
/Ауызша есептеулер/ шапшаңдыққа, белсенділікке баулу.
1 - қатар -------------- 2 - қатар
5х2 --------------------- 2х6
- 5 ---------------------- - 4
+15 -------------------- +12
: 5 -----------------------: 4
- 3 ----------------------- х5
х10 -------------------- - 10
Жауабы: -------------- Жауабы:
V ІСабақты бекіту
/Сынау жұмыс арқылы жүргізіледі./
1. Өрнектің мәнін тап: 1000 - 724
а/ 376 ә/ 374 б/ 276 в/ 274
2. Қатесін тап:
а/ 2 дм 3 см= 23 см
ә/ 45 см = 4 дм 5 см
б/ 15 см= 1м 5 см
в/ 26 дм =2 м 60 см

V. Қорытындылау:
Қай санның көбейту және бөлу кестесімен таныстық?
Үйге тапсырма
Бағалау Оқушылардың сабақ кезінде орындаған тапсырмаларын сынау жұмыстар тексеріп бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама