Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Санды жане әріпті өрнектер
Карағанды облысы, Приозёрск қаласы
бастауыш сынып мұғалімі
Наркулова Эльмира Жексенбаевна

Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер.
Сабақтың мақсаты: 1. Санды және әріпті өрнектер туралы түсінік қалыптастыру. Санды және әріпті өрнектерді құру, оқу, жазу, оларды салыстыру және мәнін табу мәселелерін пысықтау.
2. Оқушылардың оқу танымдық және ойын іс - әрекетін қатыстыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, ой - өрісін дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, қамқорлыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кесте.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын, топтық жұмыс.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылардың ынта зейінін сабаққа әзірлеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
- Қане, балалар, қазір қай сабақ болады?
- Математика сабағы.
- Математика сабағына дайын болу үшін не айтушы едік?
Психологиялық дайындық.
Көп күттірген қоңырау соғылды -
Математикадан сабақ басталды.
Мысалдар мен есептер,
Ойындар да шытырман – бәрі де сендер үшін!
Барлығыңа табыс тілеп, сәт сапар тілеймін, шын!

- Міне, балалар шын жүрекпен табыс тілей отырып, сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық.
- Балалар, бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр.

ІІ. Қызығушылықты ояту.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі.
- Абайдың қандай күз туралы өлеңін білесіңдер?
- Дегендей білім алып, білімімізді көрсете білуіміз керек. Олай болса, бәріміз зейінімізді сабаққа аударайық. Бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасаймыз. Енді балалар сендерді топқа бөлейін. Енді топ ережесін айтып өтейін, топ ережесін сақтап, бағынайық..
Алдымен жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №7, 98 бет

х - 1 509=2356
х=2356 +1509
х=3 865
3 865 - 1 509=2356
2356=2356

х* 8=7 208
х=7 208: 8
х=901
901 *8=7 208
7 208=7 208

ІV. Өткен сабақты пысықтау.
- Балалар өткен сабақта қандай тақырып өттік?
- Жылдамдық, уақыт және қашықтық.
Ал, енді балалар «Кезектескен интервью» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтап жіберейік.
1) Жылдамдық деген не?
- Жылдамдық - уақыт бірлігінде жүріп өтілген қашықтық.
2) Жылдамдықты қалай табуға болады?
v = s: t
- Қозғалыс жылдамдығын табу үшін, қашықтықты уақытқа бөлу керек.
3) Қашықтықты қалай табуға болады?
S = v ∙ t
- Қашықтықты табу үшін, қозғалыс жылдамдығын уақытқа көбейту керек.
4) Уақытты қалай табуға болады?
t = s: v
- Уақытты табу үшін, қашықтықты қозғалыс жылдамдығына бөлу керек.

V. Жаңа сабақ. Миға шабуыл.
Жаңа тақырыпты еркін меңгеруіне, ойын тиянақты жеткізуіне көңіл бөлемін.
- Балалар, сендер 1 - сыныптан бері қарай айтылып келе жатқан жалпы өрнек, оның ішінде санды және әріпті өрнек не екендігін ажырата білесіңдер. Сол сияқты мұнда өрнектің нақты түрлері болып табылатын қосынды, айырма, көбейтінді және бөлінді ұғымдарын да білетін болдыңдар. Егер өрнекте бірнеше арифметикалық амал болса, онда өрнектің аталу жағдайына, яғни өрнектің нақты атының ең соңғы орындалатын амалға байланысты болады.
«Ерте, ерте, ертеде математика» деген әлемде бір ақсақал өмір сүріпті. Ол ақсақалдың аты -«Өрнек» екен. Оның екі ұлы болыпты. І «санды» өрнектер, ІІ «әріпті» өрнектер. Ақсақалдың балалары ынтымақта, бірлікте бақытты өмір сүріпті. Бір - бірінен ажырамай, ұйымшыл болған екен.
Бұл сандар. Бұл санды өрнек.
5 -----------------5+9=14
12 ---------------12х6=72
49 ---------------49: 7=7 Бұл не? Өрнек.
- Міне, осындай сандар мен амал таңбаларынан құралған өрнектерді санды өрнек дейміз.
Өрнек.
Бұл әріпті өрнек. а+7 91: с 5+а
- - Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтамыз?
- Әріптер мен сандар амал таңбалары арқылы байланысқан өрнекті әріпті өрнек дейміз. Әріпті өрнекте латын әріптері қолданылады. Ал санды өрнек, сандар амал таңбаларымен байланысады.

VІ. Оқулықпен жұмыс.
Оқулығымыздың 101 бетін ашайық. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазамыз.

Топтық жұмыс: 1топ: №1
(34+10) х2=88
23х4+9=101
(45+25): 5=14
90 - 10х5=40
а+5 х - 3 вх6 с: 9
12: х+24: 8
(х+2)+16х4


2-топ: №2
а)(15+5): 2=10
ә) (32х2)- 24=40
б)(27 - 2): 5 =5
в) (69: 3)+20=43

3-топ: №3
а) (а - 3)*2
ә) (32: 2) +в
б)(с+2)*5
в) (69х3)- 20/

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама