Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Санды көбейтіндіге бөлу
Сабақтың тақырыбы: Санды көбейтіндіге бөлу
Математика 4 сынып

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан!

Психологиялық дайындық
Қайырлы күн баршаға,
Қызықты күн болсын!
Бүгінгі күн біздің
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең бестік болсын.

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға санды көбейтіндіге бөлу амалына берілетін есептерді шығару арқылы білім, білік, дағдыларын тексеру.
Дамытушылығы: оқушылардың математикалық білімі арқылы ойлау қабілетін дамыту; есептеу машықтарын жетілдіру; өздіктерінен жұмыс істеуге, жұмыста шапшаңдылық танытуға машықтандыру.
Тәрбиелігі: өзін - өзі басқаруға, ұжымдылыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.
Бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ:
І. Өткен шаққа шолу
1. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтіндінің мәні өзгермейді. Бұл - көбейтудің қандай қасиеті?

2. Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады. Бұл – көбейтудің қандай қасиеті?

3. Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты сол санға көбейтіп, сонда шыққан көбейтінділердің мәнін қосуға болады. Бұл - көбейтудің қосуға қатысты қандай қасиеті?

Математикалық диктант
40*2 = 80
50*2 = 100
90*2 = 180

Ең тапқыр кім?
Теңдік тура болатындай етіп, жақшалар қой:
9*10 - 7= 27;
7+2*8=72
15+36: 9 - 3= 21;
17 - 40: 8=12
Санды көбейтіндіге бөлу слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама