Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару
Информатика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау ұстанымдарын көрсету.
Тәрбиелілік: Оқушыларды компьютерді дұрыс бағытта пайдалана білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тәжірибелік әдіс.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
1. Компьютерде ақпаратты ұсыну тәсілдері.
2. Сәйкестендір:
Дабылдың бір түрден екінші түрге айналу үдерісі (Код)
Кодтауға кері үдеріс (Кодтау)
Әрбір нақты хабарламаға қатаң белгіленген таңбалар үйлесімін салыстыру ережесі (Декодтау)

ІІІ. Өткен тақырыптардан қайталау сұрақтары.
Сандардың екілік кодын жаз:
Ондық сан --------- Екілік код
5 ---------------------- 101
10 --------------------- 1010
15 --------------------- 1111

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Алғашқыда ЭЕМ сандармен жұмыс істеген. Кейінірек компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың дамуы компьютерде ақпараттың басқа да түрлерін сақтау мен өңдеуге мүмкіндік берді.
Компьютер символдарды олардың кодтары бойынша ажыратады. Нақты бір код символының тағайындалуы - маңызды. Ол кодтық кестеде бекітілген.
Мәтіндік ақпаратты байттардың көмегімен кодтау әртүрлі стандарттарға сүйенеді, бірақ барлығына бірінші негіз болған ASCII стандарты. Unicode - бұл кодтау кестесі, онда бір символды кодтау үшін 2 байт пайдаланылады.
Компьютердің экранында ақпарат нүкте - пиксельдер түрінде беріледі. Пиксель - ол компьютер экранындағы суреттің ең кіші элементі. Суретте неғұрлым пиксельдер көп болса, суреттің сапасы соғұрлым жақсы болады.
Кескінді кодтаған кезде кодтау кестесіндегі нүктелер жиілігін сипаттайтын параметрді кескіннің айыру қабілеті деп атайды. Кескіннің ажыратылатын түстер саны кескіннің түстік ажыратылуы (түстің қарқындылығы) деп аталады.
Адамның көруі үш түске байланысты. Себебі, көз көк, жасыл және қызыл түстерге ерекше сезімтал болып келеді. Осы үш түс туралы ақпарат кодтаудың негізі болып табылады.
Түстік модельдер негізінен, жеткілікті түрде кездеседі. RGB моделінде түс негізгі үш түстің қоспасы ретінде сипатталады - қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue). Олар мониторда қосылу үшін немесе кескінді жазу кезінде қолданылады.

V. Жаңа тақырыпты бекіту.
1. Компьютерде ақпарат қалай беріледі?
2. Неліктен екілік жүйесі компьютер үшін ыңғайлы?
3. Компьютерде сандық ақпараттарды кодтаудың ерекшеліктерін сипаттаңдар.
4. Графикалық ақпарат қалай кодталады?
5. Кескіннің айыру қабілеті дегеніміз не?
6. Экранның ең көп таралған айыру қабілетін атап шығыңдар.

VІ. Сабақты қорытындылау.
1. Неліктен адам графикалық ақпаратты мәтіндік ақпаратқа қарағанда жақсы меңгереді?
2. Графиканы қолдану рөлінің артуына мысал келтіріңдер.
3. Түсті кодтау моделі RGB өз атауын қайдан алды?
4. Фотосурет көбінесе қай пішімде сақталады?
5. Символдың бейнесін қай қаріп дәлірек береді: растрлық немесе векторлық?
6. Компьютерді өшіргенде экранға хабарлама шығару үшін қандай қаріп қолданылады?

VІІ. Үйге тапсырма.
§2 - 4, 8 - бет
9, 21 - бет. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
10, 16 - бет. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
VІІІ. Оқушыларды бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама