Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Саңырауқұлақтар бөлімі
7 - сынып
Сабақ тақырыбы: Саңырауқұлақтар бөлімі (презентациясымен)

Сабақ мақсаты:
Білімділік: Саңырауқұлақтар бөлімі бойынша алған білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы қорытындылау
Дамытушылық: Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және қорытындылай білу икемдігін дамытуға ықпал жасау және оларды ажырата білу қабілетін қалыптастыру
Тәрбиелілік: Саңырауқұлақтардың ерекшелігін байқап, оларды тиімді қолдануға баулу
Сабақ типі: пысықтау сабағы
Сабақ түрі: жарыс сабақ
Сабақ әдістері: толықтыру, суретті тапсырмалар, артық сөзді табу, ТСН
Пайдаланған құралдар: Слайдтар, бағалау парағы, маркерлер

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: Сыныпты түгелдеу, сабақ барысын түсіндіру.

1 тапсырма. Сөйлемдерді толықтыр.
І – қатар.
1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым – микология.
2. Қоректенуіне қарай саңырауқұлақтар паразитті, сапрофитті болып табылады.
3. Саңырауқұлақ спораларын бунақденелілер таратады.
4. Ақұнтақ саңырауқұлағы мына өсімдіктерді қара және күздік бидай, арпа зақымдайды.
ІІ - қатар.
1. Саңырауқұлақтардың негізгі мүшесі – қалпақ, түбіртек.
2. Ағаштарды құртатын саңырауқұлақтар діңқұлақ деп аталады.
3. Саңырауқұлақ жіпшелері ағаштардың тамырымен селбесіп, микориза түзеді.
4. Біржасушалы саңырауқұлақтарға ашытқы, зең саңырауқұлактары жатқызылады.
ІІІ - қатар
1. Саңырауқұлақтардың қоректік қор заты – гликоген.
2. Зең саңырауқұлақтарына пеницилл, аспергилл жатқызылады.
3. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардағы споралар жетілетін қалта спорангий деп аталады.
4. Медицинада пеницилдің 2 түрінен пенициллин дәрісі алынады.

2 тапсырма. Суретке назар аудар. Құрылысын ата.
І - қатар
Жауабы: Суретте мукор саңырауқұлағы. 1 - жіпшумақ; 2 - спораның түзілуі; 3 - жыныстық жолмен көбеюі:
ІІ - қатар
Жауабы: Саңырауқұлақтың құрылысы: 1 - қалпақ, 2 - қалпақ асты, 3 - белдеуше сақина, 4 - түбіртек, 5 - түбіртек жіпшесі, 6 - жіпшумақ, 7 - жіпше. 2 - суретте – микориза.
ІІІ - қатар
Жауабы: Қынаның ішкі құрылысы: 1 - балдыр жасушасы, 2 - саңырауқұлақ жіпшумағы. 2 - суретте киіз қына.

3 - тапсырма: Қай саңырауқұлақ артық және неліктен? Анықта.
1. Майқұлақ, жерқұлақ, шыбынжұт, бүріскі, түлкіжем – ол улы саңырауқұлақ.
2. Қозықұйрық, тайтұяқ, майқұлақ, түбіртек, ақ саңырауқұлақ – ол паразит саңырауқұлақ.
3. Бүріскі, түбіртек, көңілкеш, діңқұлақ – көңілкеш - улы, діңқұлақ – паразит саңырауқұлақ.

4 - тапсырма. мына сызбаны толықтыр (1 - қоректену, 2 - пішіні, 3 - қолдануы бойынша)
І - қатар
Жауабы: Өсімдіктерге тән белгілері: Бір орыннан қозғалмайды, қанша тіршілік етсе сонша өсе береді, тарамдалады, жасушасында қалың қабықшасы болады, бүкіл денесімен сорып қоректенеді.
Жануарға тән белгілері: Хлоропластары болмайды, дайын қорек заттарымен қоректенеді, жасуша қабықшасы нәруызды - хитинді, қор заты - гликоген
ІІ - қатар
Жауабы: Қыналар пішіндеріне қарай үш топқа бөлінеді.
1 - Қабыршақты қына. Ағаш діңіне тасқа жабысып өседі. Сары, сары - қызыл, сұр, көгілдір, қоңыр түсті жұқа қабыршақ тәрізді болады.
2 - Жапырақ тәрізді. Пішіні жапыраққа ұқсас орманда ағаш діңіне жабысып өседі.
3 - Бұта тәрізді. Қарағайлы орманда төсемікте өседі, түсі ақшыл - жасыл болады.
ІІІ - қатар
Жауабы: Саңырауқұлақтарды қолдануы бойынша екіге бөледі.
1 - Жеуге жарамды. Оларға: Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, ақ, қайың саңырауқұлағы, күзгі түбіртек.
2 - Улы: Бозарамқұлақ, сұржәнеқызыл шыбынжұт, көңілкеш, жалған түлкіжем, жалған түбіртек.

Жауабы: Қына - 1, 3, 5, 7. 10.
Бір жасушалы саңырауқұлақ - 4, 7, 9, 11, 13.
Қалпақшалы - 2, 6, 8, 12, 14.

Бағалау: Әр оқушы өзін - өзі бағалайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама