Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сақталу заңдары тарауын қайталау
Сабақтың тақырыбы: «Сақталу заңдары» тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың дене импульсі, импульстің сақталу заңы, реактивтік қозғалыс, энергия, энергияның сақталу заңы, энергияның бір түрден екінші түрге айналуы тақырыптары бойынша алған білімдерін толықтырып бекіту.
2. Оқушы нені білді, нені есте сақтады осы орайдағы білімдерін және пәнге қызығушылығын ойын элементтерін қолдана отырып дамыту.
3. Топта жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа, бәсекелестікпен жұмыс істеуге, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Қайталау.
Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кинопректор, слайдтар.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Сабаққа дайындығын қадағалау
Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сайыс сынып 2 топқа бөлінеді.
І топ –
ІІ топ -
Әр топтың топ жетекшілері сайланады. Топ жетекшісі тобындағы оқушының алған ұпайын бірден бағалау парақша белгілеп, сабақ соңынан бағалайды.

Сайыстың жоспары:
І. «Қас – қағым сәт»
ІІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап»
ІІІ. «Сәйкестігін тап»
IV. «Ой - сөйлем»
ІV. «Тапқыр болсаң – тауып көр»

І. «Қас – қағым сәт» сайысында топ жетекшілері сақталу заңы тарауы бойынша тақтаға шығып 1 минутта бір – біріне көз салмай, бірнеше формула жазуы керек. Кім көп жазады, ұпай жинайды.

ІІ. «Ұшқыр ойдан – ұтымды жауап» сайысында интерактивті тақтада әр топқа арналған 10 сұраққа 2 минутта жауап беру

І топ сұрақтары
1 Импульс сөзі қай елдің сөзі?
2 Дене импульсі дегеніміз не?
3 Энергияның сақталу заңын тұжырымдау.
4 Реактивті қозғалыс дегеніміз не?
5 Кинетикалық энергия формуласы.
6 Потенциалдық энергия неге тәуелді?
7 Дене импульсінің өлшем бірлігі
8 Ғарышқа ең алғаш қадам басқан кім?
9 Энергия өзгерісі неге тең?
10 Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтады?

ІІ топ сұрақтары
1 «Импульс» сөзі нені білдіреді?
2 Күш импульсі дегеніміз не?
3 Дене импульсінің өзгерісі неге тең?
4 Импульстің сақталу заңы тұжырымдау
5 Потенциалдық энергия формуласы
6 Күш импульсінің өлшем бірлігі
7 Импульс қандай әріппен белгіленеді?
8 Екінші космостық жылдамдық неге тең?
9 Серпімсіз соққы дегеніміз не?
10 Кинетикалық энергия неге тәуелді?

ІІІ. «Сәйкестігін тап» бөлімінде дұрыс жауапты тақтада сызықпен көрсету қажет.
IV«Ой - сөйлем» сайысында топ мүшелері бір - бірден жауап берулері тиіс. Егер топ мүшесі жауап бере алмаса, тобынан кез келген оқушы жауап бере алады. Бірақ балы кемиді. Дұрыс жауап пен шарттың қиылысқан бөлігінде жинақталған әріптерден сөйлем құрастыру қажет.
V. «Тапқыр болсаң тауып көр» сайысында әр топқа 3 есептен 6 есеп беріледі

Есепті оқушылар уақытпен санаса шығарады
«___________» тобына
№1 есеп
Массасы 50000 кг ғарыш кемесі двигателінің тарту күші 105 Н, двигателдің 6 с уақыт жұмысы кезіндегі ғарыш кемесі жылдамдығының өзгерісі.
№2 есеп
Қатаңдығы 1000 Н/м сығылған серіппе өзіне бекітілген денеге 400 Н күшпен әсер етеді. Серіппенің потенциалдық энергиясы неге тең?
№3 есеп
Массасы 10 т бірінші вагон 2м/с жылдамдықпен қозғалады, оны 3 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 10 т екінші вагон қуып жетеді, егер соқтығысу серпімсіз болса, соқтығысқаннан кейінгі бұл вагондардың жылдамдығы?

«_____________» тобына
№1 есеп
8 м/с жылдамдықпен айналатын массасы 3 т жер серігінің импульсі неге тең?
№2 есеп
3 м/с жылдамдықпен қозғалатын массасы 2 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?
№3 есеп
Адамы бар арба 2 м/с жылдамдықпен қозғалып келеді. Егер де адам қозғалысқа қарсы горизонталь бағытта 2 м/с жылдамдықпен секіріп түсіп қалса, арба қандай жылдамдықпен қозғалады? Арбаның массасы 120 кг, адамның массасы 80 кг?

ҮІ. Оқушыларды бағалау:
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру: берілген сөзжұмбақты шешу, құрастыру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама