Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Сақина (ертегі)
Ақтөбе қаласы,
№5 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі
Тулегенова Гульмира Жаксылыковна

Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сақина (ертегі)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ертегі мазмұнын ұғындыру, жаңа сөздермен таныстыру,
2. Сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәнерін, сахналау дағдыларын дамыту
3. Адалдыққа, шыншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ, жауап, талдау, пікірталас, әңгімелеу, сахналау, 5 жолдық өлең, фишмок
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ертегі суреттері, тірек сызба, топтық жұмыс, кейіпкерлер костюмдері.

І. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық дайындық: 2 слайд
Қайырлы күн, досым,
Сәтті сабақ болсын!
Күнделігің бүгін
«4» пен «5»- ке толсын!

ІІІ. Сабақтың эпиграфын оқыту
Ертегі, мақал, жаңылтпаш -
Қазынасы халқымның.
Солардан алып өсермін.
Асылын ата - салтымның.
- Балалар, біз эпиграфта оқығандай халық мұрасы - ауыз әдебиеті үлгілеріне нелер жатады екен? Тағы бір нақтылап алайық.
Жауап: - Ертегі, аңыз, тұрмыс - салт жырлары, батырлар жыры, лиро - эпостық жырлар, мақал, жаңылтпаш, жұмбақ....

ІҮ. Ертегілердің неше түрі бар.? (3 слайд)

Ертегілер

Хайуанаттар туралы ертегі
Қиял - ғажайып ертегі
Шыншыл ертегі

Ү. Жұмбақ шешу. Тақырыпты ашу.
Қызығушылығын ояту.
Әшекей бұйым болып табыламын,
Арудың саусағына салынамын (сақина)

ҮІ. Ертегіні үнтаспадан тыңдату. (4, 5 слайд)
ҮІІ. Оқулықпен жұмыс: «Түртіп алу» стратегиясы. Тізбектей оқу.
ҮІІІ. Сөздікпен жұмыс Пиғылы - ниеті, шұрайлы - құнарлы, тізе бүкпей - демалыссыз, бітік - мол, көп, мезгіл - уақыт, бейнет - азап. (6 слайд)
Топтық тапсырма:(7слайд)
1 топ: Егер осы сақина сенің қолыңа түскен болса, не тілер едің?
2 топ: Шаруа мен зергерді салыстыра сипатта?(Венн диаграммасы)
3 топ: Ертегінің соңғы сөйлемін оқы. Қалай түсінгеніңді айт.
4 топ: Сақинаны сипатта. Сақина туралы жұмбақ құрастыр.

Сергіту сәті: "Шөжелерім" бейне роликтен
Деңгейлік тапсырма: қызыл түс жоғары деңгей, көк түс орта деңгей, сары түс төменгі деңгей.
Жоғары деңгей: Мәтіннің мазмұнына байланысты адалдық сөзімен бес жолдық өлең құрастыр.(сэнквейн)
Орта деңгей: Адалдық туралы мақал - мәтел жаз.
Төмен деңгей: Ертегі бойынша сурет сал.
ІХ. Қорытынды: Ертегіні сахналау.
Х. Үйге тапсырма: 1. «Адалдық - адам келбеті» тақырыбына эссе жазу.
2. Ертегіні оқу.
ХІ. Бағалау: Мадақтау арқылы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама