Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Сарыарқа
Тақырыбы: Сарыарқа
Мақсаты: 1. Білімділік мақсаты;
Оқушыларды электрондық оқулықпен жұмыс жүргізіп, мәтінді аша білуге дағдыландыру.
Оқылған мәтінге тірек – сызба жасауды қалыптастырып, өздік жұмыс жүргізуге баулу, оны меңгерту.
2. Дамытушылық мақсаты; табиғаттың құрамдас бөлімі арасындағы байланысты аша білу; теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыру.
3. Тәрбиелік мақсаты: Ел жанды, табиғат байлығын үнемді пайдаланып, қорғап, сақтайтын тұлға тәрбиелеу
Көрнекілігі:
Компьютер
Бейнесюжет
Тірек – сызба
Қазақстанның физикалық картасы,
Қазақстанның көрікті жерлері (сюжет сурет )
Нұсқау тапсырмалар парағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Мұғалім: Оқушы зейінін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Балалар, бүгін біздің сабаққа ерекше қонақтар келіп отыр. Сабағымыз да ерекше. Себебі электронды оқулықпен жұмыс жасай отырып, географиялық білімімізді кеңейтуге мүмкіндік бар. 4 компьютер, ендеше 4 топқа бөлінеміз, 6 оқушыдан.
1. Электронды оқулықты ашып, физика - географиялық аудандастырудан Сарыарқа тақырыбын ашамыз, мәтінді оқуға 3 мин. Нұсқау тапсырмалар парағындағы тірек - сызбаларға жауаптарыңды жазасыңдар. Одан кейін жазылған жауапты жиналмадағы тірек - сызбамен салыстырып, жауаптарыңды тексеріңдер.
Жоспар.
● Географиялық орны (3 мин)
● Жер бедері, геологиялық құрылысы (7 мин)
● Пайдалы қазбалары (3 мин)
● Климаты (3мин)
● Ішкі сулары (3мин)
● Табиғат зоналары: өсімдіктері мен жануарлары (7мин)
● Қорық (5мин)
● Тест (6 мин)
● Қорытынды (5 мин)
● Үйге тапсырма (1 мин)
● Бағалау (2 мин)
Қазақстан аумағы физика - географиялық аудандастыру бойынша неше ауданға бөлінеді? Сарыарқа жер бедері қандай?
Сабақты мынадай өлең шумақтармен бастаймыз.
«Айналайын Сарыарқам, сағымданған,
Сағынышын баса алмас, сағынған жан» - деп ақын жырлаған Сарыарқаның сары даласын оқып - үйренуді бастайық.
Ұшқыш досым, жаңылма бағытыңнан!
Дала, дала басында бағы тұнған,
Қазақстан - өзінше бір материк
Жер кіндігі осында ағытылған - деп Мұқағали ағамыз жырлағандай Еуразия материгінің кіндігі өзіміздің Абай атамыздың туған жері қазіргі Абай ауданында (бейнесюжетте «Еуразия кіндігі») белгісі көрсетіледі).
Оқушылар электронды оқулықтан Сарыарқа мәтінін ашып, гипермәтінді тышқанмен шерту арқылы өздері оқиды. Содан кейін нұсқау парағына Сарыарқаның физика - географиялық орнын тірек сызба түрінде оқушылар өздері толтырады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама