Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
Әдебиет 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі
6 сынып
Жалпы мақсат: Көрнекті жазушы С. Мұратбеков туралы түсініп оқуға, көркем шығарманы оқыту арқылы әңгіменің мазмұнын ашу, кейіпкерлер бейнесін жан - жақты аша білу. Оқушылардың өзіндік пікірін қалыптастыру, жазбаша тіл байлығын дамыту. Кейіпкерлердің әрекеті арқылы оқушыларды адамгершілікке, шынайы достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
7 модульдің қолданылуы: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық»
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, талдау, мінездеме беру.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
Алдыңғы оқу: Ә. Марқабаев «Ғарыштағы қымыз»

Басталуы 5 минут
Топтарға бөлу.
Оқушыларға түсі әр түрлі қағаздардан алуларын сұраймын. Қағаздағы түстердің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
1 - топ «Сары түсті»
2 - топ «Көк түсті»
3 - топ «Қызыл түсті»

Өткен сабақты тексеру
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Сұрақтар.
«Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап»

Жаңа білім 10 минут
Қызығушылықтарын ояту.
Білу және түсіну
(Көрнекті жазушы С. Мұратбековтің суретін көрсету).
• Мына суретте кім бейнеленген?
• Жазушы туралы не білесіңдер?
• Қандай шығармаларын оқыдыңдар?
С. Мұратбековтің«Қылау» әңгімесінің мазмұнымен танысу.

Ортасы 10 минут
Қолдану
« Қылау» әңгімесін талдау.
1 - тапсырма. Зерделі сұрақтар.
2 - тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
3 - тапсырма. Сөздік жұмыс.
4 - тапсырма. Кейіпкерлер бейнесі.
Берілген кестені шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып толтырыңдар.
5 - тапсырма. Пікірталас

Мұғалімнің аты-жөні: Борина Ақкенже

Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама