Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Сергіту сәттері
Түсінік хат

Бастауыш сыныптарда, әсіресе 1 - сыныпта мектеп табалдырығын жаңа ғана аттаған оқушылар мектепке ережелеріне, сабақта отыру үрдісіне үйренбегендіктен оқыту процесіне үйрену, адаптация кезеңі біраз қиыншылық туғызуы мүмкін жағдай. Осы кезеңде оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру ұстаз шеберлігіне тікелей байланысты. Әртүрлі қызықты ойын түрлерін ойнату, сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындық жасау, сабақ барысында сергіту сәттерін қолдана отырып, алуан түрлі қимыл - қозғалыстар жасату оқушының сабаққа деген қызығушылықтарын біршама арттырады.

Сабақ барысында бірсарындылықтан шаршаған баланы қызықты бір сергіту сәті арқылы сергітіп алу баланың бойына жаңа бір күш беріп, қызығушылығын арттырады. Ұсынылып отырған жинақта сергіту сәттерінің баспа түрімен, видео нұсқасы жинақталып, қолданылуға берілген.

Жаза, жаза, саусағым,
Әлсіредім шаршадым.
Бір, екі, үш,
Қолға жинап күш!
Қане, қалам алайық,
Әдемілеп жазайық.

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы - қырлы жерлерден,
Ытқып - ытқып жүгірді.

Ал, балалар тұрайық
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп.
Бір отырып, бір тұрып
Бір тұнығып алайық.

Орнымыздан тұрайық,
Белімізді жазайық.
Жоғары - төмен қарайық,
Солға - солға түзу түр.
Оңға - оңға түзу түр,
Алға қарайбір адым,
Артқа қарай бір адым
Бойымызға күш жинап,
Бір дем алайық.

Ал, қанеки ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Байлап қойып көзіңді,
Қоршап тұрмыз айнала.
Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама