Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Ш» дыбысы және әрпі
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.
Тақырыбы: «Ш ш» дыбысы және әрпі.
Мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіріп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ - жауап, әңгімелесу.
Оқу іс - әрекетінің көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер мен буындар.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
Педагог балаларға өткен оқу іс - әрекетінде танысқан дыбыстарын қайталатады.
- Алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қалай аталады?
- Дауыссыз дыбыстар қалай аталады? Балалар шаттық шеңберге тұрып, бір - біріне тілектерін айтады.

Балалар педагог қойған сұрақтарға жауап береді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік.
1. «Ш» дыбысы және әрпімен таныстыру.
- Балалар, кім ш дыбысына байланысты тақпақ, жаңылт - паш айтып береді?
2. Педагог жұмбақ жасырады.
Зулап түсіп төменге,
Шыға алмас менсіз бөгенге.
(Шана)
Шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
- Шана сөзін айтып көріңдерші, ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Ш әрпімен танысу: ш дыбысының баспа түрін көрсетеді.

3. Сергіту сәтін өткізу:
Отырып - ақ орнымда
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең, егерде
Былай ескек есемін.

4. Тіл ұстарту жаттығуы.
Шы - шы - шы
Әкем менің аңшы.
5. Дәптермен жұмыс.
Ш дыбысына байланысты берілген суреттердің ат - тарын атап, оларға дыбыс - тық талдау жасайды. Қайшы, шаңырақ, ағаш сөздерінде ш дыбыс қай жерде тұрғанын талдатады, яғни ш дыбысының сөздегі орнын практикалық жолмен түсіндіреді.
Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ш әрпінің баспа түрін жазады.
Торкөздегі ш дыбысының орналасқан орнына қарай сөз құрастырту. Сөзжұмбақ шешкізу.
6. «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойын.
Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір - бірден беріп тұрады. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мыс: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.
Осы сөздерге сөйлем құрату қажет. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу.

Педагог балаларға жұмбақ жасырады.
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы - жазы бір түсте.
(Шырша)
Балалар жаңа «ш» дыбысы және әрпімен танысады.
Жұмбақ шешеді.
- Шана.
Балалар шана сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Жаңа ш әрпімен танысады.
Қимылдармен көрсетеді.
Педагогпен бірге қайталайды.
Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
Жаңа сөздермен танысады
Балалар ойынға белсене қатысады.
Балалар жаңадан танысқан сөздерге сөйлем құрайды.
Жұмбақ шешеді.

Рефлексиялық – түзетушілік - Шырша сөзі қай дыбыстан басталады? Ш дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?
- Неліктен дауыссыз, кәне, бәріміз айтамыз. Ал енді ш дыбысына кім тез сөздер тауып айтады?
Бір бала шана сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында дауыстап айтады.
- Шана сөзінде қанша буын бар?
Шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
Дидактикалық ойын: «Дүкен». Шарты: балалар кеспе әріптермен ш дыбысы кездесетін сөздерді құрастырып жазады. Мыс: шана сөзін құрастырған бала «сатушыдан» ойыншық шананы сатып алған болып есептеледі. Сол сияқты сатылымда машина, шие, шар т. б. заттар болады.

Балалар педагогтің қойған сұрақтарына жауап береді.
Шана сөзін буынға бөледі.
Ойынға белсене қатысады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жаңа «ш» дыбысы мен әрпі, таңбасын біледі.
Игереді: Дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.
Меңгереді: Жазуға қолдарын жаттықтыру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама