Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ш дыбысы мен әрпі
Сауат ашу
Тақырыбы: Ш дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ш дыбысы және әрпімен таныстыру. Сөздерді оқытып, дұрыс жазуға үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру;
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке баулу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Әріптер, суреттер, өтілген дыбыстарға байланысты сөздер.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныптағы оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық даярлық: Қуан шаттан, қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, қайырлы күн,
Күліп шықты күн бүгін.

ІІІ. Өтілген сабақтар бойынша қайталау сұрақтарын беру:
1. Қандай дыбыстармен таныстық?
2. Дыбыстар айтылу ерекшелігіне қарай нешеге бөлінеді?
3. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

Мұқият бол! Ойынын ұйымдастыру.
Өтілген дыбыстар бойынша сөздерді оқыту.

ІV. Жаңа сабақ. Ш дыбысы мен әрпі
Ш әрпін айтсақ жасырмай,
Ұшы айыр басында.

Ш дыбысының айтылуына назар аудару. Айтылуына қарай дауыссыз дыбыс екенін айту.
Ш дыбысына байланысты сөздерге мысалдар келтіру.

V. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы берілген сөздерді оқу, мағынасын түсіндіру.
Хормен оқыту, жеке - жеке оқыту. Шара, Шора сөздерінің адам аттары екенін айтып, олардың бас әріппен жазылуына назар аударту.
Сөздерді буынға бөлу. Шор - тан, ша - ға - ла, ша - ра, ша - на.
Ш дыбысының әріп таңбасымен таныстыру. Ш әрпінің бас және кіші әріптерінің жазылу техникасын көрсету.

VІ. Жазу дәптермен жұмыс. Ш әріпіне байланысты сөздер жазғызу. Оқушылардың дұрыс отырып, таза, әдемі жазуына назар аудару.

VІІ. Сергіту сәтін ұйымдастыру.
Жазу жазып өзіміз,
Шаршап кетті қолымыз.
Аздап демді аламыз,
Көркем етіп жазамыз.

VІІІ. Сабақты бекіту. Ш дыбысына байланысты электронды оқулық бойынша шағын видео көрсету.
Үндемес ойынын ұйымдастыру. (мұғалім суреттер көрсетеді, суреттегі заттардың атын оқушылар жазады. Мұнда өтілген дыбыстар бойынша қысқа сөздерге мысалдар келтіріледі. Мысалы: Ата, ара, аға, нан, арта, шар).

Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау, жақсы жауап берген, жазған оқушыларды мадақтау.
Үйге тапсырма: Ш дыбысы мен әрпі. Оқу және жазу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама