Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Шағын пьесаны күйсандықпен қосу ерекшелігі
Сабақтың тақырыбы: «Шағын пьесаны күйсандықпен қосу ерекшелігі»
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Күйсандықпен домбыра аспабын үндестіріп, ансамбль жасау. Оқушының орындаушылық шеберлігін шыңдау.
ә) дамытушылық: Күйсандық сүйемелдеуімен домбыра аспабына арналған шығарманы үйрету арқылы қызығушылығын арттыру және әлемдік музыкаға баулу, тыңдату.
б) тәрбиелік: Шығарманы түсініп, өз мәнінде ойнауға үйрету, эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Буклет, дайындалған парақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: В dur гаммасын түрлі штрихтармен, g moll гаммасын 3 түрімен ойнау. Динаның күйі «Той бастар» жатқа ойнау.
ІІІ. Актуалдау: Өткен сабақта Динаның «Той бастар» күйін үйрендік. Домбырада тек қана күй емес заманауи әндерді, сонымен қатар күйсандық сүйемелдеумен ойналатын көркем шығармаларды да ойнауға болады.

ІV. Жаңа сабақ: «Шағын пеьсаны күйсандықпен қосу ерекшелігі». Домбыра тарту өнерінің бір саласы – фортепианоның сүйемелдеуімен дүние жүзі халықтарының ән – биін, профессионал – композиторларының шығармаларын орындау. Бұл домбырашының басқа елдердің музыка мәдениетімен жақын танысуына, ой – өрісінің жан – жақты дамып, әр түрлі музыка аспаптарының орындаушылық ерекшеліктерінен хабардар болуына зор ықпал етеді. Сонымен қатар домбыраның қоңыр сазымен фортепианоның үндесуі шығарманың өз нақышымен орындалуына септігін тигізеді.

Бүгінгі сабағымызда Е. Брусиловскийдің «Той - думан» шығармасын үйренеміз. Брусиловский Евгений Григорьевич (1905 - 1981) Дондағы Ростов қаласында туған. Оның алғаш музыкалық сауатын ашқан адам өзінің анасы. Е. Брусиловский – қазақ музыкасын дамытуға зор үлесін қосып, көптеген жас композиторларды тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз. Е. Брусиловский Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігін жете түсінген композитор. Ол «Айман - Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Дудар - ай» операларының, 9 симфония, 2 балет, 500 - ден аса әндер мен романстардың авторы.

Е.Брусиловский фортепианоға арнап көптеген шығармалар жазды. Солардың ішінде кеңінен тараған – пьесалар. 1951 жылы жазған «15 фортепианолық пьесалар» атты жинағы жасөспірімдерге арналған фортепианолық пьесаның шыңы болып табылады. Әрбір пьесаның бағдарламалық тақырыбы бар. Олар: «Колхоздағы той», «Ферғана тақиясы», «Көңілді Латипа», «Той - думан» және т. б «Той - думан» шығармасында халық өмірінен тамаша көріністер, әр – алуан ұлттық ерекшеліктер байқалады. Бұл шығарманы өңдеп, домбыра аспабына лайықтап жазған Хаджи – Мұрат Қыдырбаев.

Шығарма орындалады.
Фортепианомен қосылып шығармалар орындауға байланысты дыбыс шығару (штрих), перне басу т. б әдіс – амалдар Европаның классикалық аспаптарынан алынып, домбыраға арналып жазылған. «Той - думан» шығармасы D – dur тональдігінде жазылған, өлшемі 2/4, музыкалық сипаты көңілді, өзінің сазды әуенімен, орташа екпінді орындалады. Шығармада тремоло штрихі кездеседі.

V. Дамыту: Шығарманы нота бойынша талдау. Тактмен жұмыс жасау.
VІ. Бекіту: Инсерт әдісі.
Білемін ----------Білдім -----------Білгім келеді

VІІ. Қорытындылау:
Бүгінгі сабағымызда «Той - думан» шығармасымен таныстық. Шығарманы өзінің характерін көрсете отырып, көңілдірек, көтеріңкі түрде орындау керек. Әуен мен бояуларды, өзара үндестікті, байланысты, ұқсастықты көре біліп, музыканың өзіндік тілін біліп, эстетикалық тұрғыда қабылдай білуіміз керек.
ІХ. Үйге тапсырма: «Той - думан» шығармасын нота бойынша берілген жерге дейін жүргізіп орындау.
Х. Бағалау: Жақсы. Өте жақсы

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама