Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Шәкәрім Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы»
Сабақтың атауы: Ш. Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы»
Қазақ әдебиеті 10 - сынып
Мақсаты: Ақын шығармаларының тақырыптары мен идеясын ашу, құрылысына, тілдік ерекшелігіне талдау жүргізу, ой түйіндеу
Топқа бөлу: Арнайы топқа бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Бүгін мен...» сын есімді тіркес тізбегі

Білу
«Жастарға», «Дүние мен өмір» өлеңдерін жатқа сұрау
«6 неліктен» стратегиясы
1. «Жастарға» өлеңінде неліктен Абайды үлгі тұтқан?
2. Ақын неліктен жастарға үміт артты?
3. Өлеңнің «Дүние мен өмір» аталу себебі неліктен деп ойлайсыз?
4. Ақын сұм дүниеден соққы жедім деп жазғанына неліктен өкінеді?
5. Дүние деген қызыққан ісің болса
Қызықтырған кім сені оған онша?
Пайдасыз, баянсызын біле тұра,
Қуа бердің ойланбай неге сонша?- деп ой түйіндеу сыры неліктен деп ойлайсыз?
6. Ақын өлеңдері неліктен Абай шығармаларымен үндес?

Түсіну
«Поэзия» стратегиясы.
Интерпретация
- Абай шығармаларындағы кәрілілік пен Шәкәрім өлеңіндегі кәрілік айырмасы неде?
- Ақын кәрілікті қалай суреттейді? Неліктен?
Трансформация
-«Кәрілік туралы» өлеңнің тууына себеп не болды? Сен қалай ойлайсың?
-«Ақындарға» өлеңінің мазмұнын ашуда бейнелі сөздер мәні қандай?
- жебелі оқтай, ақ қанжардай, дариядай, өлең айнасындай, өзен арнасындай теңеулері арқылы нені қалай көрсеткісі келді?
Мысалдар
- Шығарма тақырыптары қалай деп өзгертуге болар еді? Мысал келтіріп көр
Анықтамалар
Ноқта - мал төлдерінің басын ұстау үшін қолдан тоқып, тігіп жасалатын бас жіп түрі
Бойкүйездік - жалқаулық

Атырау облысы, Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы №19 жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Тілеубергенова Алуа Тілеуғазықызы

Шәкәрім Құдайбердиев «Ақындарға», «Қарттық туралы». жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама