Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Шәмші Қалдаяқов «Ана туралы жыр»
Сабақтың тақырыбы: Шәмші Қалдаяқов «Ана туралы жыр»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға аналарын құрметтеуге, сыйлауға, аналар мерекесіне арналған жыр жаттатуға үйрету. Ш. Қалдаяқов туралы мағлұматтар беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Ш. Қалдаяқов туралы мағлұмат беру
ІІІ. «Ана туралы жыр» өлеңін түсіндіру.
ІҮ. Анаграммалық ойын арқылы жаңа сөздер құрастыру
Ү. Мақал - мәтел мағынасын түсіндіру
ҮІ. Қорытынды. Аналарға тілек

• Қазақстанның халық артисі Шәмші Қалдаяқов – ән жанрында аты шыққан әйгілі композитор, вальс королі
• Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумын бітірген (1950).
• 1951 – 1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын атқарды.
• 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің музыка теориясы факультетіне қабылданды.
• 1956 – 1962 жылдары Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция факультетінде (профессор В. В. Великановтың класы бойынша) оқыды.
• 1950 жылдан бастап шығармашылық қызметпен айналысты.

Әндері:
• «Ақ ерке – Ақ Жайық»,
• «Арыс жағасында»,
• «Сыр сұлуы»,
• «Жарқырайды Жезқазған»,
• «Қарқаралы»,
• «Фосфорлы Жамбыл»,
• «Байқоңыр»,
• « «Отырардағы той»,
• «Көгілдір Көкше»,
• «Өмір өзен», т. б.
• «Ақмаңдайлым»,
• «Ақсұңқарым»,
• «Қайдасың»,
• «Еркежан»,
• «Ана туралы жыр»,
• «Құшақ жайған қандай адам»,
• «Қайықта»,
• «Қыз сағынышы»,
• «Ақ бантик»,
• «Кешікпей келем деп ең»,
• «Қуаныш вальсі»,
• «Әнім сен едің»,
• «Сағынышым менің»

1992 жылдан бастап сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау - фестиваль дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Шымкент қаласында облыстық филармония, бір көше, Алматы қаласында бір көше, композитор туған өлке – Шәуілдір ауылындағы музыка мектебі – Қалдаяқов есімімен аталады.
• Шымкент қаласындағы Шәмші саябағында орнатылған Шәмші ескерткіші
• Шымкент филармониясының алдына Қалдаяқов ескерткіші орнатылған. 1991 жылы Қалдаяқов жайлы ғұмырнамалық «Жылдарым менің, жырларым менің» (реж. Т. Ахметов) деген деректі телефильм түсірілді. «Шәмшіғұмыр» естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді (2002).
Ана туралы жыр
Әні: Ш. Қалдаяқов
Өлеңі: Ғ. Қайырбеков
«Ана туралы жыр»

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған.
Балалық құштарым өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап, өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ құшағың мен үші.
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін,
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені,
Сыйлар ем ай - күнін, Қолыма түспеді.
Қайырмасы:

Анаграммалық ойын арқылы жаңа сөздер құрастырайық
1. і м і д й м е і р - мейірімді
2. ы қ а т ш у - шуақты
3. ұ н л ы р - нұрлы
4. м ы ш о а қ р қ - қамқоршы
5. я ы л а - аялы
6. қ а ы н ж р а қ - ақ жарқын
7. е л т і к ш і - тілекші
8. л м е ш і р і ш і к - кешірімшіл

Мақал - мәтел мағынасын түсіндіру
1. Ананың сүтін ақта,
бабаңның құтын сақта
2. Бала - әкенің білек еті,
Ананың - жүрек еті.
3. Анасын сыйламағанды адал деме,
Ұстазын сыйламағанды адам деме.
4. Ана - біреу, ағайын - алтау.
5. Ананың басқан жерінде пейіш бар.

АНАМЫЗҒА АҚ ТІЛЕК
Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім - өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – Мама, өзіңізге арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, осы күнге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәңгі қарыздармыз.
Аяулы анам менің!
Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла - бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, «айналайын» деп маңдайымыздан емірене сүйіп еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін еш нәрсе де жоқ, мама!..
Маматайым, езуіңізден күлкі нышаны кетпесін, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуанышпен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп - ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!!!
Сау болыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама