Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Шешендік өнер
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің
әдебиет пәнінің мұғалімі Тілекқабыл Бибігүл

Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шешендік өнер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа білімді өздігінен оқыту арқылы оқушыларға қазақтың аса айбынды билерінің бірі – қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихымен таныстыру. Жан жақты талдау жұмыстарын ұйымдастыру.
Сілтеме: Әдістемелік нұсқаулық. Қаз дауысты Қазыбек би Алматы 2011ж.
Ресурс: «Тіл үйренуде стратегияларда қолдау» интернет мат Қазақтың би шешендері Төреқұлов Н. Қозбеков М.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылардың өздігінен іздеу, ойлау, есте сақтау, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін ашады. Өз пікірі бар сауатты оқушы тұлға болып қалыптасады. Қазыбек би секілді тарихи тұлғалардың өнері мен шешендігін терең меңгереді.

Мұғалім іс - әрекеті
І. Ұйымдастыру
Психологиялық ахуалды қалыптастыру.
ІІ. Миға шабуыл
1. Шешендік сөздер туралы сұрау.
2. Төле бидің шешендік сөзінен үзінді оқып, өздері Төле бише жауап береді.
Жаңа сабақты меңгерту
Мұғалім іс әрекеті
«Сұрақты тап» Ұяшық астындағы жауаптарға сұрақ дайындайды.

Сергіту сәті
Ой шақыру
Би – біріншіден, көпті көрген, яғни, «көре-көре көсем болған», көнені ғана біліп қоймай, болашаққа да болжам жасай алатын болған. Би – айтар сөзін бірде астарлап, бірде мысқылдап, еттен өткізіп, сүйекке жеткізген. Қажет жерінде қара тасты қақ айырып түсетін от ауызды, орақ тілді шешен болған. Би адамның жан дүниесін, мінез құлқын бір көргеннен ақ тап басып танитын болған.
1. Ш. Уалиханов пен А. Байтұрсынов сөздерін оқу.
2. Би деген сөзді естігенде ойларыңа қандай сөз келді.
Топ оқушылары ғұлама пікірлерімен танысып болғаннан кейін «Би» деген атаққа әр топ өз бағыты бойынша жан жақты сипаттама береді.
Постер қорғайды.
Тарихшылар:
Би

қоғам қайраткері
мәмлегер
хан кеңесшісі
заңды жетік меңгерген

Әдебиетшілер:
Би

сөзге шешен
ақынжанды
кемеңгер
от ауызды, орақ тілді

Шығармашылық жұмыс
Оқушылар өздері дайындап келген жұмыстарын қорғайды.
Сабақты бекіту
«Ойлан. Бірік. Талқыла»
Екі топқа Қазыбектің қалмақ еліне барған екі елшілігі жайындағы әңгімесі таратылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама