Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Шетел тіліне үйретуде ақпараттық технологияны қолдану
Шетел тіліне үйретуде ақпараттық технологияны қолдану

Қазіргі кезде білім жүйесі күннен-күнге ақпараттық технологиялар мен компьютерлік телекоммуникацияларды қолдануда. Әсіресе қашықтықтан оқыту жүйесі дамып келеді, бұған дәлел оқу орындарының компьютермен қамтамасыз етілуі және интернет желілерінің дамуы.
Оқытудың дәріс-семинар формасы өзінің тиімділігін жоғалтты, оқу уақытының 50% текке кететінін практика дәлелдеді. Шетелдік тәжірибені зерттей келе, келесі маңызды аспектіні көрсетуге болады: мұғалім ақпаратты таратушы рөлінде емес, кеңесші, кейде тіпті коллега ретінде болады бұндай іс-әрекеттің мынадай жағымды жақтары бар: оқушы оқу процесіне активті түрде қатысады, өз бетімен ойлауға бейімделеді, өз көзқарасын айтып және шын ситуацияларды моделдейді.

Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақ өткізуге – қашықтан оқу формасын кіргізуге мүмкіндік жасады. Бұл, біріншіден, оқушының оқу уақыты мен орнын өзі таңдауына мүмкіншілік жасайды, екіншіден, дәстүрлі білім алу мүмкіншілігінен айырылған адамдарға білім алу мүмкіндігін береді, үшіншіден, жаңа ақпараттың оқуға кеткен шығынды азайтады. Сонымен қатар, қашықтан білім алу жеке түрде білім алу мүмкіндігін күшейтеді.
Ереже бойынша, қашықтан оқыту формасында электронды оқулықтар қолданылады. Бұл оқулықтардың тиімділігі, біздің ойымызша: біріншіден, олардың мобильдігі, екіншіден, компьютер желілерінің дамуына байланысты кез-келген жерде қолдану мүмкіндігінің болуы. Электронды оқулықтардың жасау ақпарат материалдарын үнемі жаңартып тұруға мүмкіндік жасайды. Электронды оқулықтарда жаттығулар мен мысалдар түрлері көптеп қарастырылады (беріледі). Сонымен қатар, электронды оқулықтар көмегімен білімді бақылау – компьютер арқылы тестілеу жүзеге асырылады.
Қазіргі кезеңде қашықтан оқыту дүние жүзінде өте белгілі білім беру формасы болып табылады. Қазіргі кезде көптеген университеттер мен колледждерде қашықтан оқыту әдісі қолға алынып отыр. Халықаралық ақпараттық академия құрылды, бұл жерде 1998 жылы дүниежүзілік университет жұмыс жасайды, бұл университет үш елде – Ресей, Қазақстан және Бельгияда бар. Электронды оқулықтарды қолдану – берілген материалды оқушының саналы игеруіне көмектеседі. Сонымен, ақпараттық технологияның дамуы білім беруде әдістеменің жаңа әдістерін ойлап табуға мүмкіндік жасайды және сапасын арттырады.

Қашықтан оқыту – білім берудің кешенді түрі, елде және шет елдегі халықтың басым бөлігіне арнайы ақпараттық жұйе арқылы (спутникті теледидар, радио, компьютер байланысы және т. б. ) іске асады. Қашықтан оқытудың ақпаратты білім жүйесі оқушыны ақпараттық ресурстармен, бағдарламалық, ұйымдастыру-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етеді. Қашықтан оқыту жұмыс істей жүріп білім алу формасының бір түрі, адамның білім және ақпарат алуға деген құқығын жүзеге асырады. Яғни қашықтан оқыту білім берудің бір түрі, оқушы мен оқытушының уақыты мен орны бір уақытқа сәйкес келмесе де, білім алу мүмкіндігінің болуы. Егер де бұл анықтамамен келіссек, сырттай оқу қашықтан оқытуға ұқсас, бірақ жеке ерекшелігі жоқ.
Мультимедиялық компьютер – бұл ақпаратты жеткізуші жаң а құрал ғана емес, бұл «face to face» моделін көрсететін қондырғы. Сонымен қатар, тек компьютерде ғана ақпаратты-анықтама жүйесі ерекшелігін (индивидуализация) көрсетеді.

«Электронды оқулық» деген не және оның кәдімгі оқулықтан қандай айырмашылығы бар? Көбіне электронды оқулықтың құрамына білім беретін, тексеретін, моделдейтін және басқа бағдарламалар кіреді, ПЭВМ дисктерінде, оқу пәндерінің негізгі мазмұны көрсетіледі. Электронды оқулық көбінесе кәдімгі оқулықты толықтырады, әсіресе мынадай жағдайларда тиімді:
 Кері байланысты тез қамтамасыз етеді;
 Керекті информацияны тез табуға көмектеседі, ал кәдімгі оқулықта бұл қиын;
 Уақытты үнемдейді;
 Қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, әңгімелейді, моделдейді және т. б. (осы жерде мультимедия-технологиясының мүмкіндіктері мен артықшылығы байқалады) жеке адамды белгілі бір бөлім бойынша білімін тексеруге мүмкіндік жасайды.
Электронды оқулықтың 3 негізгі жұмыс тәртібін көрсетуге болады:
1. тексерусіз оқу;
2. тексерумен оқу, әр тақырыптың (параграфтың) соңында оқушыға бірнеше сұрақтар қойылады, бұл сұрақтар материалдың игерілу деңгейін анықтайды;
3. тестілеу арқылы бақылау.

Жарылқасын Назгүл Айболатқызы
№24 орта мектеп, ағылшын пәні мұғалімі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама