Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Шетелдік білім беру жүйесі
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
педагогика және психология пәндері оқытушысы
Булебаева Райгуль Тынышбаевна

Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Шетелдік білім беру жүйесі.
Сабақтың типі: Білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: Семинар
Сабақтың мақсаты: Ізденушілік, зерттеушілік жұмыстар негізінде шетелдік білім беру жүйелері туралы білімдерін дамыту, жаңа түсініктер қалыптастыру.
Міндеті:
Білім берушілік: Шетелдік білім беру жүйелері (АҚШ, Ұлы Британия, Ресей, Германия, Жапония, т. б), ерекшелігі, құрылымы, Қазақстанмен байланысы туралы жаңа білім, түсініктер қалыптастыру.
Тәрбиелік: Кәсіби педагогикалық мәдениетке: сөйлеу мәдениеті, қарым - қатынас мәдениетіне тәрбиелеу; зерттеушілік мәдениетке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Танымдық белсенділіктерін: салыстыру, талдау, тұжырым жасау, т. б арттыру; зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру; әдебиеттермен, басқа да ақпарат көздерімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту

Семинар барысы[/center]
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, сабаққа қатысымды белгілеу. Семинардың тақырыбын, өзектілігін, жұмыстар барысын хабарлау.
Кіріспе сөз. Мемлекеттің негізі – халық, халықтың негізі – ұрпақ, ұрпақтың негізі болатын – бұл сапалы білім мен саналы тәрбие. Бұл сөзіміздің айғағы – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында былай дейді: «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздердің бірі – білім беру реформасы деп айта аламын. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі».
Бұл ретте дамыған шет елдердің білім беру жүйесінің дамып, қалыптасуын зерттеу, білу кәсіби білім алып жатқан болашақ мамандар үшін өте маңызды. Сондықтан шетелдік білім беру жүйесімен танысып, Қазақстанның білім беру жүйесімен байланысын анықтауда бүгінгі семинардың өзіндік маңызы бар.

І. Семинар тақырыбы: Шетелдік білім беру жүйесі.
Талқылауға арналған сұрақтар:

1. АҚШ - тың білім беру жүйесі
2. Ұлы Британияның білім беру жүйесі
3. Ресейдің білім беру жүйесі
4. Германияның білім беру жүйесі
5. Жапонияның білім беру жүйесі

Талқыланатын сұрақтарға әдістемелік нұсқау:
1. АҚШ - тың білім беру жүйесі, өзіндік ерекшелігі, құрылымы, орта білім беру жүйесі, ерекшелігіне тоқталу. Қазақстанмен байланысы туралы мәліметтер келтіру, негіздеу. Белгілі оқу орындарына тоқталу.
2. Ұлы Британияның білім беру жүйесі, өзіндік ерекшелігі, құрылымы, орта білім беру жүйесі, ерекшелігіне тоқталу. Қазақстанмен байланысы туралы мәліметтер келтіру, негіздеу. Белгілі оқу орындарына тоқталу.
3. Ресейдің білім беру жүйесі, өзіндік ерекшелігі, құрылымы, орта білім беру жүйесі, ерекшелігіне тоқталу. Қазақстанмен байланысы туралы мәліметтер келтіру, негіздеу. Белгілі оқу орындарына тоқталу.
4. Германияның білім беру жүйесі, өзіндік ерекшелігі, құрылымы, орта білім беру жүйесі, ерекшелігіне тоқталу. Қазақстанмен байланысы туралы мәліметтер келтіру, негіздеу. Белгілі оқу орындарына тоқталу.
5. Жапонияның білім беру жүйесі, өзіндік ерекшелігі, құрылымы, орта білім беру жүйесі, ерекшелігіне тоқталу. Қазақстанмен байланысы туралы мәліметтер келтіру, негіздеу. Белгілі оқу орындарына тоқталу.

Аталған мәселелер бойынша білім алушылардың өз бетіндік шағын зерттеу жұмыстарын тыңдау, талқылау.
ІІ. Жұмыстарды жүйелі талқылау үшін сарапшылар тобын құру (3 білім алушы).
Сарапшылардан басқа барлық білім алушылар да сараптау жұмысына өз үлестерін қоса алады және аталған мәселелер төңірегінде өз білімдерін жетілдіреді. Ол үшін оларға белгілі үлгідегі кесте таратылады.
Бағалаудағы критерийлер
1. Білім беру жүйесінің сипаты
2. Басты ерекшелігі
3. Қазақстан білім беру жүйесімен байланысы
4. Белгілі оқу орындары
5. Баяндаудағы жүйелілік
6. Ақпарат көздері

ІІІ. Сарапшылардың қорытынды сөзі.
ІV. Жалпы қорытындылау.
V. Бағалау (сарапшылар қорытындысын, білім алушылардың бағалауын, білім алушылардың жеткізуін, қосымша сұрақтарға жауап беруін ескере отырып).

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама