Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Шығармашылық есеп
Әдістемелік тақырыбы: «Көркем шығарманы оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту».

Мақсаты: Оқушылардың көркем шығарма оқуға қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін ұштау, тіл байлығын арттырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қарым - қатынас этикасын жетілдіру.

Міндеті: Оқушының;
- көркем шығарманы оқуға деген ынтызарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ел халқына жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры – оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі» - деп атап көрсетті.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан - жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс - әрекетіне қабілетті, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілеттерінің дамуына жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама