Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шығыстану ғылымының өкілі
Тақырыбы: Шығыстану ғылымының өкілі, 9 сынып
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларды өздігінен шығыстану ғылымының өкілдері туралы мағлұмат алуға итермелеу алған жаңалықтарын жеткізуге үйрету.
2. оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту қазақша сөйлеуге дағдыландыру
3. мұғалімнің сұрақтарына қазақша жауап беруге тәрбиелеу

Сабақ түрі: аралас
Формасы: жеке-дара, топпен
Көнекілігі: оқулық, суреттер, қималар, тірек-сызбалар
Стратегиялар: ой шақыру, еркін жазу, мазмұндау

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
• Сәлемдесу; түгендеу
• Сабаққа әзірліктерін тексеру

Ғылым туралы мақал-мәтелдерді тақтада көрсетіп, қайталау.
Алтын алма,
Білім ал.
ІІ. Қайталау.
Бағдар сызықпен көрсете отырып, екінші бағадан аудармасын табыңдар:
әйгілі ---------------------------------основоположник
ғалым---------------------------------труд
зерттеуші----------------------------востоковед
еңбек---------------------------------видный представитель
шығыстану--------------------------исследователь
көрнекті өкілі----------------------знаменитый
негізін салушы-------------------- ученый

ІІІ. Жаңа сабақ.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Шығыстану ғылымының өкілі.
- Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып алыңдар.
- Ал енді, тақырыбызма оралатын болсақ,
- Кімді Шығыстану ғылымының өкілі деп атайды?
- Оны неге Шығыстану ғылымының өкілі деп атайды? Деген сұрақтарға жауап беруіміз керек.
- Сонымен қатар грамматикалық тапсырмалар орындаймыз

ІҮ. Жаңа сөздермен жұмыс
оқиға- история ----------------------көне-древний
құнды – ценный--------------------мұра - наследие
таңба-знак--------------------------- мәдениет-культура
Ү.Мәтінмен жұмыс.

1. Мен оқимын
2. 1 оқушы дауыстап оқиды.
3. Оқушылар өздері іштей оқиды.
4. Аудару, түсінгендерін сұрау.

ҮІ. Тапсырмалар.
1) қатар - Мәтінге жоспар құрыңдар
2 қатар – Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңдар.
2) Сызбаны пайдалана отырып сабақтас құрмалас сөйлемге тоқталу.

3) Сөйлемдерді құрмалас сөйлем түрінде аяқтау.
1. В.В.Бартольд – шығыстану ғылымының аса көрнекті өкілі, ол .......
2. Ол «Жетісу тарихының шежіресі» еңбегін жазып, онда ...........
3. Ғалым Орталық Азия мен Орта Азия тарихын зерттеп, ...........

4)17бет №3 – тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып жазу, синтаксистік талдау жасау.

ҮІІ. Қорытынды.
Радлов ВВ туралы нені білдік? Жедел сұрақтар.
1. Радлов Василий Васильевич қай жылдары өмір сүрген?
2. Ол немен айналысады? Нені зерттеген?
3. Қандай еңбектер жазады?
4. Ол кім?
5. Радлов В.В. қандай ескерткіштерді зерттеген?

ҮІІІ. Рефлексия.
Мағынаны ажырату мақсатымен, терең ойды қысқа сөзбен қамту әрі қазақ тілімен байланыстыру үшін оқушылар көмегімен бес жолды өлең пайдаланамын.
1. Бір зат есім
2. Екі сын есім
3. Үш етістік
4. Мағыналы сөйлем
5. Синоним

ІХ. Үйге тапсырма.
Жаңа сөздерді жаттау
В.В. Радлов туралы әңгімелеу (ауызша)
В.В. Радлов туралы мәліметтер әкелу (реферат)
Х. Бағалау. Бағаны түсіндіріп қою

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама