Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Шілдебаева Айзере Сұлтанқызының өлеңдері
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің
1 "Б" сынып оқушысы Шілдебаева Айзере Сұлтанқызының өлеңдері
"Қызылордам - туған қалам"
Мұғалімі Еспенбетова Загира Нагметуллаевна

Қызылорда қаласы
Болған бір кез астана.
Ал бүгінде құлпырып,
Өркен жайған жас қала.

Сұлу сырдың бойында
Жағажай да салынды.
Ми қайнатар ыстықта
Жадыратар жаныңды.

Сарқырама каналы
Жаңартылды қайтадан.
Оны дағы мен бүгін
Мақтанышпен айта алам.

Көше бойын жағалай,
Аспа шамдар тұр жанып.
Түнгі қала жайнайды
Күндізгідей нұрланып.

Сыр бойында осындай
Сәулетті бір қала бар.
Гүлзар бақта ойнайды
Шат - шадыман балалар.

Әр аулада салынды
Балалардың алаңы.
Сол алаңда балалар
Допты теуіп барады.

Мен де жүрмін құрбыммен
Жүгіріп те секіріп.
Анам отыр қарайлап.
Қалмаса деп мертігіп.

Кеш болғанын байқамай,
Жүрміз ойнап әлі де.
Балалардың шуылы
Ауламыздың сәні де.

Мен де туған қаламды
Айтып әркез мақтанам.
Көркейгенін күн сайын
Көремін де шаттанам.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама