Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Шыңғыс Айтматов. «Найман - Ана» үзіндісі
Сабақтың тақырыбы: Шыңғыс Айтматов. «Найман - Ана» үзіндісі
Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
Ш. Айтматовтың кім екенін және шығармаларын атай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Әңгіме сюжетін талқылау арқылы негізгі мәселе мен түйінді анықтайды.
Кейбір оқушылар:
Тақырыпты игеруін шығармашылықпен біріктіріп, қабылдаған шешімін дәлел арқылы айғақтайды.

Тілдік мақсат
Оқушылар:
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сарыөзек, наймандар, жуан - жуандар, шапқыншылық, мәңгүрттік, ана, бейіт.
Сыныптағы диалог, жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
1. Көркем шығармада не баяндалады?
2. Найман - Ананың ішкі толғанысы өзін алдады ма?
3. Ана мақсатына неліктен жете алмады?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
1. Шығармадағы мәселенің себептерін дәлелдеу арқылы шешімін табады.
2. Блум таксономиясына негізделген сұрақтарға жауап жазады.

Басталуы 4 мин.
1) Оқушылармен амандасу, түгелдеу, тренинг арқылы 3 топқа бөлу. «Мен аспан әлемінің...» (айы, күні, жұлдызымын).
2) «Ассоциация» әдісі. Топтық жұмыс.
Электронды оқулықтағы Ш. Айтматов туралы ақпаратпен танысу арқылы авторға ассоциация жасайды.

Ортасы
«Джигсо» әдісі. Топтық жұмыс. Шығармадағы оқиғаларды дала тобында топтасып оқу, талқылау. Жанұя тобына қайта оралып, топ мүшелеріне түсіндіру.
«Бағдаршам» арқылы бағалау.
Жұптық жұмыс. «Балық қаңқасы» әдісі. Сызбаны толықтыр.

Аяқталуы
Жеке жұмыс. Блум гүлінің әр күлтесіндегі сұрақтарға жауап жазу керек.
Жеке жұмыс. «Блум гүлі»

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама