Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Шынықсаң шымыр боларсың!
Спорттық ойын: Шынықсаң шымыр боларсың!

Құрметті қонақтар, балалар, өздеріңізге өнерлерін көрсететін «Жұлдыздар» тобы мен «Күншуақ» тобын ортаға шақырамыз.

1 – топ: «Жұлдыздар» тобы: ұраны: Шынықсаң шымыр боларсың,

2 – топ: «Күншуақ» тобы, ұраны: Дені саудың жаны сау.

Балалар, алдымен шеңберге тұрып, жаттығу жасап денемізді қыздырып алайық.
Ал енді өзіміздің өнерімізді көрсетейік.:

Аружан: Денсаулық ол шыныққан. барлық дене мүшесі,
Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол - күлуің, көңіл – күйің жадырай.
Денсаулық ол - жүруің, ешбір жерің ауырмай

Нұрбақыт: Сымбат мүсін дегенің, бітім - көркі дененің
Сымбат – жүру әдемі, дене қалпын тік ұстап.
Көтеріп сәл кеудені, иық жазып дұрыстап,
Түзу отыр қисаймай, бүкіреймей, жантаймай.

Арайлым: Жақсы бала құлақ сап, айтқаныңды ұғады.
Істемейді шалалық, жақсы бала ол анық.
Барлық бала: Тазалық - денсаулық кепілі.
Көңілді әуенмен барлығы жаттығу жасайды.
Ал, енді балалар ойын жарысымызды бастаймыз.

1 - жарыс: Қаппен кедергілерден өтіп жарысу.
2 - жарыс: Доғаның астынан өтіп, қораптағы допты бос қорапқа салу.
3 - жарыс: Кірпіштердің үстімен өту.
4 - жарыс: Үлкен доптың үстіне отырып, тез - тез секіру.

Ақбота: Шынықсаң шымыр боларсың, өнегелі баламыз.
Бұлшық еттер бұлтылдап, жұлдыздай боп жанамыз.

Нұрдаулет: Көкшіл, ала, қызыл доп, басайықшы топ - топ - топ.
Шынығамыз әрқашан, Ауырмаймыз, жоқ, жоқ, жоқ.
Балалардың барлығын мадақтау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама