Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Шыншылдық
Тақырыбы: Шыншылдық.
Мақсаты: Балаларға шыншылдық туралы түсінік беру.
Әдепті, кішіпейіл болуға тәрбиелеу. Шыншыл болу өтірік айтпауды, жалған сөйлемеуді түсіндіру.
Сөздік жұмысы: Жүрегі таза, иманды адам.
Билингвалды сыңары: Жүрегі таза - чистой души человек.
Заттық дамыту ортасы: Хрестоматия, жұмыс дәптері.
Балалар шеңберге тұрып, қолдарын ұстап, бір - бірінің жылылықтарын сезінеді. Балалар бір - біріне жылы сөздер айтады

- Шыншыл болу адам баласы үшін аса қымбат қадірлі қасиеттердің бірі. Шыншыл болу өтірік айтпауды, жалған сөйлемеуді білдіреді. Мұндай қасиет бала кезден қалыптасады. Шыншылдық рухани тазалықтың белгісі.

Ондай жан еш нәрсені жасырмайды. Адамдарды алдамайды. Шыншылдық тек жүрегі таза, иманды адамдардың ғана қолынан келеді. Өтірік айтпаған бала ертеңгі өрісті азамат. Адамдық әрқашан оның биік туы болып қала береді. Ал өтірікші бала туралы тәмсіл әңгімені еске түсіріңдерші. «Қойға қасқыр шапты, қойға қасқыр шапты!» деп алдап, елді екі рет дүрліктірген қойшы бала айқайлағанында ешкім көмекке келмейді ғой.

Яғни, «өтірікшінің шын сөзі де зая» деген осы өтірікті қалжыңдап та, дауласқанда біреуді жеңу үшін де айтуға болмайды.

Өтірік сөйлейтін жан өзгелердің де сөзіне сене бермейді. Сондықтан оңай екен деп өтірікке әуес болмаған абзал. Шыншылдық бар жерде тазалық бар, иман бар. Иман бар жерде берекет бар. Шыншыл болу абыройлы болу. Былай қарасаң, шыншыл болу оп оңай. Алайда оның бағасы жоғары. Сондықтан адам өзін өзі үнемі шыншылдыққа тәрбиелеп отырғаны жөн.

Шыншылдық деген сөзді қалай түсіндіңдер?
Шыншылдық ненің белгісі?
Өтірік айтуға болады ма?

Күтілетін нәтиже:
Білу: Шыншылдық туралы білді.
Меңгеру: Әдепті, кішіпейіл, өтірік айтпау, жалған сөйлемеу деген сөздерді
меңгерді.
Жасай алу: Сұрақтарға дұрыс жауап бере алды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама