Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Шырша бейнесі
Бекітемін:___________
«Ақбота»балабақшасының
Әдіскері Ұ. М. Ақжігітова
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Шырша бейнесі.
Мақсаты: Балалардың мүсіндеуге деген іскерлігін арттыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құрал жабдықтар және көрнекіліктер: ермексаз, кескіш, тақтайша, сүлгі, слайд тақта, жәй тақта, үшбұрышты пішіндер.
Сөздік жұмыс: Шырша.
Билингвальды компонент: Шырша - елка, жасыл - зеленая.

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастырушылық ізденістік
Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін даламыз.
Қайырлы таң, достарым,
Қайырлы таң, келген қонақтарым.

- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Неше айдан тұрады?
- Ай аттарын атаң?
- Қыс мезгілінің ерекшелігі неде?

- Қыс мезгілінде болатын қандай мерекені білесіңдер?

- Осы кезде әуен ойнатылады.
- Есік соғылып, орман поштасы кіреді.
- Балалар, сәлеметсіздер ме?

- Педагог:
Қош келдіңіз!
Төрлетіңіз!
Сіз кім боласыз?
- Мен Орман пошташысымын.
- Қандай бұйымтайыңыз бар?
- Орман пошташысы:
Мені Орман патшасы жіберді. Қолымдағы конверттің ішінде сіздерге арналған тапсырмалар бар.
- Педагог конвертті алып, оқи бастайды.
- Сәлеметсіздер ме балалар?
Мен, Орман патшасымын
Сендерге үш тапсырмам бар. Соны орындауға дайынсыңдар ма?
- Педагог:
Қане, балалар дайынбыз ба?
Олай болса мен тапсырмаларды оқиын.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы,"Ақбота"балабақшасының
бейнелеу өнерінің жетекшісі
Сактаганова Света Келдибаевна

Шырша бейнесі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама