Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы
Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы.
Мақсаты: Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметін таныстыра отырып, ғалым, этнограф, суретші, зерттеуші әрі жан – жақты шығармашыл тұлға болғандығын көрсету.
Күтілетін нәтиже: Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметі, ғылым жолындағы жетістіктері туралы меңгереді: оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу дағдысына сүйене отырып, тарихи ойлау (есте сақтау) қабілетін жетілдіреді:
Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: слайд, бейнежазба, таратпа материалдар, тарих карта, тест т. б
Сабақтың әдіс - тәсілдері: жеке жұмыс, топтық жұмыс, математикалық лото, хронологиямен жұмыс, тарихи домино, картамен жұмыс, т. б
Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеп зейіндерін сабаққа аудару, топқа бөлу:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
§ 49 - 50 Қазақстандағы халық ағарту ісі және діни білім беру ісі
тестпен жұмыс

ІІІ. Жаңа сабақ
Көмекші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашу
Айғанымның немересі кім?
Бұл тарихи тұлғаның шын есімі – Мұхаммед - Қанапия
Шыңғыс төренің ұлы (әрі осы сұрақтар арқылы үш топқа бөлемін)
Слайд арқылы түсіндіріп, бейнежазбаны көрсетемін

ІV. Жаңа сабақты пысықтау тапсырмалары
І «Математикалық лото» (жылдар сөйлейді)
Әр топқа математикалық есеп беріп, нәтижесінде шыққан жылдарда болған оқиғаны хронологияны сақтай отырып баяндауы қажет(оқулықпен жұмыс)
І топ
1. 845+750 - 150+390
2. 900+800 - 600+747
3. 1896 - 546+485+21
4. 777+896+500 - 316
ІІ топ
1. 1562 / 22+965+829
2. 346+427+560+845
3. 900 / 30+1568+263
4. 800+566+95+394
ІІІ топ
1. (1000+1500) / 2+603
2. 2500 - 500+250 - 386
3. 246+546+646+416
4. 1562 / 22+965+829

БҚО, Сырым ауданы, Қоңыр ауылы
ЖББ А. Жұмағалиев атындағы Жосалы ОМБК
Тарих, құқық пәндерінің мұғалімі
Какимгалиева Алма Жаксыгалиевна

Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама