Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Шуақты өлең
Шуақты өлең!
Бойымды бір тылсым күш билегенде,
Мазасыз ойлар келіп сүйрегенде,
Қалам қағаз өзіңе жүгінемін
Шабыт келіп найзасын түйрегенде.

Өмірімнің қиын - қыстау шақтарында,
Сен керексің сырымды ақтаруға,
Мен өзіңмен сырласқан сәттерімде
Сезбей қалам арайлы таң атқанында.

Қиналғанда жаныма қуат берген,
Атар таңға шұғылалы шуақ берген,
Сырласым да, мұңдасым да бір өзіңсің
Шабыттансам шертетін жалғыз пернем.

Өрнек берген, өлшеулі өміріме,
Демеу болған, құлазыған көңіліме,
Қуанышты бөлісіп шаттанатын,
Айналғансың жанашыр серігіме.

Жырым менің, мәңгілік жан жолдасым,
Бақыттымын жүрегімде сен болғасын,
Мен өзіңді мәңгілік серік етем,
Жаратқаным жар болып, тек қолдасын!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама