Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Шұбалшаңның биогеоценоздағы,табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.
Сабақтың тақырыбы: Шұбалшаңның биогеоценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға азқылтанақты буылтық құрттар туралы түсіндіріп, білімдерін тереңдету.
ә) дамытушылық: Оқушыларға ішекқуыстылардың түрлерімен таныстырып, білімдерін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрісін, ізденімпаздығын дамыту.
б) тәрбиелік: оқушылардың игерген білімдерін ортаға салуға, ойын еркін жеткізуге, сөз мәнерін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Аралас
Сабақтың өту әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, тест тапсырмалары

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
а) сәлемдесу, сынып тазалығы
ә) оқушыларды түгелдеу
б) оқушы назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау
Өткен сабақты қайталау, үйге берілген тапсырманы тест арқылы тексеру.
Тест
1. Шұбалшанның асқорыту жүйесі:
А) Ауыз қуысы – жұтқыншақ – өңеш – жемсау – қарын – ішек.
Ә) Ауыз қуысы - жұтқыншақ - жемсау - қарын - ішек
В) Ауыз - өңеш - жемсау - қарын - ішек

2. Шұбалшанның зәр шығару мүшесі:
А) бүйрек
Ә) Жұлдызша тәрізді түтік
Б) Жасыл түсті жұп без

3. Шұбалшанның қанайналым жүйесі:
А) Тұйық қан айналым жүйесі.
ә) Ашық қан айналым жүйесі
б) дұрысы жоқ
4. Шұбалшанның тыныс алу мүшесі:
А) желбезек
Ә) Тері жабысы.
Б ) өкпе

5. Шұбалшаңдардың класы:
А) азқылтанды құрттар.
Ә ) көпқылтанақты құрттар
Б ) жұмыр құрт

III. Жаңа сабақты түсіндіру
Оқушыларды алдын ала үш топқа бөлу
▪ Шұбалшаң
▪Сүлік
▪ Нереида

Жауынқұрты, шұбалшаң - жерқұрттары, азқылтанды құрттар туыстасына жататын құрттар тобы, өз құрамына әдетте ірі топырақта мекендейтін түрлері енеді. Тропикалық ірі түрлерінің дене ұзындығы 2, 5 м дейін, (ТМД - да, 45 см дейін). Дене буылтықтарының саны 80 нен 450 дейін. Әр бір буылтықта жорғалауға көмектесетін 8 ден бірнеше оншақты қылтандар бар. Сезім мүшелері жоқ, бірақ денесінде сезімтал жасушалар мол. Барлық денесімен тыныс алады. Тұйық қан айналу жүйесі бар, (құрамында гемоглобины бар қанының түсі қызыл). Жүйке жүйесі құрсақ жүйке тізбегін құрайтын ірі жұтқыншақ үсті жүйке түйіндісінен және көптеген ұсақ түйінділерден тұрады. Регенерация құбылысы жақсы дамыған. Көбінесе тропикалық ормандарда мекендейтін 1500 аса түрі бар; ТМД - да, 100 шамасында түрі кездеседі, көбінесе люмбрицид, (Lumbricidae) туыстасына жататын түрлері. Топырақта мекендейді, ірі түрлері тереңдігі 8 м - ге жететіндей ін қазады. Жауынқұрты көбі жер бетіне түнде, күндізгі уақыттарда, жауыннан кейін ғана шығады, (осыдан аталуы). Шіріген органикалық қалдықтармен қоректенеді. Гермафродиттер. Жұмыртқалары бар кокондарын топыраққа салады

1) жаңа терминдер
Алдымен сіздер тақырып түсінікті болуы үшін мәтінде кездесетін жаңа термин сөздерді дәптерлеріңе көшіріп жазыңыздар.
- целом – буылтық құрттардың екінші реттегі дене қуысы
- параподия - буылтық құрттардың қарапайым аяқта
- мегасколдес - шұбалшаңдардың ең ірісі
- нефридия - түтікше тәрізді зәршығару мүшелері
- трохофора - буылтық құрттардың дернәсілі
- мезодерма - ортаңғы қабық
- гирудин - қан соратын сүліктің қанды сұйылтатын заты
- гиподерма - екінші ортаңғы қабық
- сірқабық - бірінші ең сыртқы қабық

2) Оқулықпен жұмыс
Келесі кезекте үш топқа жеке жеке тапсырмалар беремін. Сіздер сол тапсырманы кітапты оқып, жауаптарын алдарыңыздағы параққа жазыңыздар.
● І топ тапсырмалары
- Целомның негізгі қызметі
- Буылтық құрттардың зәршығару жүйесі
- Шұбалшаңның пайдасы
● ІІ топ тапсырмалары
- Буылтық құрттардағы қан айналым жүйесі
- Буылтық құрттардың қозғалыс мүшелері
- Көп қылтанды буылтық құрттардың көбеюі
● ІІІ топ тапсырмалары
- Буылтық құрттардың сыртқы құрылысы
- Буылтық құрттардағы жүйке жүйесі
- Сүлік буылтық құрттардың арнайы класы

3) Өзіндік жұмыс
Әр топ бүгінгі тақырып бойынша 4 сұрақ дайындау және қалған топтардың сұрақтарына жауап беру.

IV. Жаңа сабақты бекіту
Сурет
Вен диаграммасы бойынша жұмыс жасау
Әр топ өз ойларынан тақырыпқа байланысты 4 жол өлең шығару.
Буылтық құрттар судағы биоценоздың қоректiк тiзбегiндегi маңызды бөлiмi, Палолоқұртын адамдар қорек ретiнде қолданады.
Қазiргi уақытта балық шаруашылығы қажеттi құрттардың кейбiр түрлерiн қорек ретiнде өсiп - өндiруде.
Жауын құрттары ауыл шаруашылығында үлкен рөл атқарады. Ч. Дарвин олардың топырақты құнарлатудағы пайдалы маңызын атап өткен. Бiрiншiден, олар топырақты қазып, өсiмдiк тамырының топыраққа еркiн жайылуына ықпалын тигiзедi, судың, ауаның топыраққа еркiн жайылуын реттейдi. Соның нәтижесінде өсiмдiктердiң өсуіне жағдай жасалады. Жауын құрттары топырақты қопсытады.

Ү Қорытынды
1. Шұбалшаң оттегін мына мүшесі арқылы сіңіреді: Терісі
2. Шұбалшаңдардың қозғалуы: Сақиналы, бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуынан.
3. Шұбалшаңның жүйке жүйесі: Жұтқыншақүсті, жұтқыншақасты түйін және құрсақ тізбекшесінен тұрады.
4. Шұбалшаңның қызғылт түсті болуы: Денені жақсы жабдықтайтын қанының болуы.
5 Шұбалшаңдардың класы: азқылтанды құрттар

VІ. Үй тапсырмасы:
Сурет § 44 Оқу, сұрақтарға жазбаша жауап беру.
VІІ. Бағалау: Әр топ өздерін бағалайды, мұғалім қорытынды бағаны қою

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама