Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Шибұт, Қылмойын, Қарынбас
Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Тақырыбы: Шибұт, Қылмойын, Қарынбас. № 25
Мақсаты: Оқушылардың ертегі түрлері туралы білімдерін толықтыру. танымдық білім, білік дағдысын дамыту. Достыққа, еңбекке тәрбиелей отырып, алған білімдерін сыни ойлау арқылы өмірде қолдана алу дағдысының қалыптасуы;
Қолданылған модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Топқа бөлу. «Жүректен жүрекке», Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, «Блум» таксономиясы, «Ыстық орындық» стратегиясы,

Жоспар мазмұны
Ынтымақтастық құру
Оқушылар шеңберге тұрып, өлеңді айтады.
Аман болып бәріміз,
Атсын күліп таңымыз!
Оқып – біліп өсейік,
Сұлу болып жанымыз.
"Жүректен жүрекке" тренингін жүргізу.
Мақсаты: тұлғааралық байланыс.
Бір - біріне тілек айтады
Топқа бөліну.
Оқушылар бірлесе жұмыс істеу үшін топқа бөлінеді.
Топ атын өздері қояды

«Ыстық орындық»
Мақсаты: оқушылардың ойын жинақтауға бағыттау, өткен тақырыптарды еске түсіру;
Сыныптың білім деңгейін анықтау.
«Сақина» ерт егісін сұрау
Білу, түсіну
Сабақтың мақсатын ашу
Сыни ойлау арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, сабақтың мақсатын ашу.
Оқулықтағы суретке қарап отырып келесі ертегіні білу.
Оқулықпен жұмыс
«Ойлан/жұптас/ талқыла» стратегиясы
Мақсаты:
өз бетімен білім алу, өзін - өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні өз бетіінше оқып, әр топ өзінше түсінгенін айтады, сұрақтар қояды.
Қолдану
Дәптермен жұмыс
♦ Жан - жануарлар туралы ертегі: «Қасқыр мен түлкі», «Аңқау арыстан».
♦ Қиял - ғажайып ертегілер: «Ұр тоқпақ», «Қылмойын», «Шибұт, қарынбас»
♦ Шыншыл ертегілер: «Сақина», «Байлық пен ақыл».

Сергіту сәті
«Суыр» биі

Топтық жұмыс
«Ұрлық түбі - қорлық» деген мақал ертегі оқиғасына қандай қатысы бар?

«Шынжыр»
Сұрақтар қою
Жалпы ертегілер бөлімі бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, шынжыр жасау.

Үйге тапсырма беру
Бағалау

Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы,
КММ№44орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі:
Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама