Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Шипалы түн сахналық көрініс
Шипалы түн сахналық көрініс
Мақсаты: оқушыларға адамзат қоғамының ұлы құндылығының бірегейі – адамгершілік екендігін, сол адамгершілік атаулының тамырына нәр берген құтты құнар – қайырымдылық, мейірімділік және ізгілік болмаса, өмірдегі жамандық атаулының тоңы жібімейтіндігін ұғындыру; әр адамның адаммын, адамзатпын деуі, оның бойындағы адамгершілік, жақсылық қасиеттерімен өлшенетіндігін түсіндіру; жасөспірімдердің ой - санасын оята отырып, өзін - өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа, қайырымды болуға, адам баласына қамқорлықпен жақсылық жасауға баулу; қайырымдылық - адамгершілік негізі, қазақ халқы - қайырымды халық, олай болса, қайырымды болу - ұлттық парызымыз екендігін түсіндіре отырып, қайырымды халықтың ұрпақтарын тәрбиелеу.

ШИПАЛЫ ТҮН
(Г. Молдағалиеваның «Шипалы түн» әңгімесі бойынша жазылған сахналық көрініс)
Көрнекілігі: сахналық көрініске қажетті заттар (кілем, көрпеше, жастық, үстел, ыдыстар, телефондар, көк орамал, көрініс кейіпкерлердің киімдері).
Көрініске қатысушылар:
Жазушы - Арайлым
Әже - Назерке
Немере - Назерке
Құрбы қыз - Әсия
Ана - Әсия
Жазушы:
- Ауылда Дүрия әжей жалғыз тұрып жатыр. Ұлы да, қызы да қалада тұрады.
Немерелері де бар. Олар жылына бір рет келсе де, оған да шүкір. Дүрия әжей қалаға көп бара бермейді. Соңғы кезде баруды да қойды. Көптен бері ұйықтай алмай жүр. Көзі ілініп кетсе болды, түсінде күбірлеп сөйлеп, еңіреп жылап шығады. Өз үйінде ештеңе емес, ешкім де естімейді. Ал қалаға ұлы мен қызының үйлеріне барса, бала - шағаның берекесін алады. Жастыққа басы тисе болды: «Құтқарыңдар! Қайырымды жандар! Құтқарыңдар!!» - деп, жан даусы шығып, бүкіл үйді дүрліктіреді. Үй іші түгел оянып, абыр - сабыр болып қалады: бірі дәрі берсе, бірі сөзбен жұбатады. Қайта ұйқыға жатса болды, тағы да бәрі қайталанады.
Бұған Дүрия әжейдің қарттығы, көрген аштық пен қарғыс атқыр соғыс кінәлі. Балалары мен немерелері таң атқанша көз ілмей, балалары ертеңгісін жұмысқа, ал немерелері сабақтарына кетеді.
Дүрия әжейді балалары дәрігерге де апарды, жазып берген дәрілерінен де ешқандай ем болмады. Балаларының мазасын алмайын деп, қалаға қыдырып баруды да қойды.
Шипалы түн сахналық көрініс. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама