Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сіз білесіз бе?

— Күнделікті тігін тіккенде немесе шаш қысқартуда пайдаланылып жүрген кәдімгі қайшыны Леонардо да Винчи ойлап тапқан.

— Адам көзін ашып түшкіре алмайды екен.

— Қытайда ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар АҚШ-тағы ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардан да көп.

— Біздің құлағымыз бен мұрнымыз өмір бойы өсуін тоқтатпайды.

— Түйеқұстың миынан көзі үлкен.

— Ақ аюдың терісінің түсі негізінде қара түсті.

— Ақ аюлардың барлығы солақай болады.

— Қолтырауын тілін шығара алмайды.

— Тіл — адамның денесіндегі ең мықты бұлшық ет.

— Ең алғаш машинкамен жазылған роман «Том Сойердың басынан кешкендері».

— Пілдер — секіре алмайтын жалғыз хайуан.

— Грецияның әнұраны 158 шумақтан тұрады.

— Жолбарыстың тек жүндері емес, терісі де ала болады.

— Орта есеппен адам жеті минутта ұйықтайды.

— Ер адамдар күніне орташа есеппен 7000 сөз қолданатын болса, әйелдер 20000 сөз қолданады екен.

— Делоникс Королевский әлемдегі ең биік гүл екен.

— Әлемдегі тарихи өте құнды сақина Сүлеймен патшаның сақинасы екен, онда «бәрі де өтеді де, кетеді» деген жазу бар.

— Адамның жүрегі тәулігіне 100 мың рет соғады екен, орташа есеппен жылына 40 млн рет соғады. Жүректің күнделікті жұмсалатын энергиясы 900 кг ауыр салмақты көтере алады және 14 м биіктікті бағындырады. Осы кездегі адам жүрегінің ұзындығы 5 шақырым болатын каналға қан толтырып қойса, жылы температурада ұстап тұра алады. 50 жастағы адам жүрегінің жұмысы 18 мың тонна салмақты және 227 шақырымға тең келеді екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама