Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сізді алғалы келдік

Үйленбекші болып жүрген бір ұяң жігітті жеңгелері қыз көрсетуге алып барыпты. Жеңгесі жігітті қыздың қасына кіргізіп:

— Ал, қайным, қызбен өзің сөйлес, — деп шығып кетеді.

Жігіт пен қыз бір-біріне қарап көп отырады. Біраз уақыт өткен соң отырудан жалыққан қыз:

— Иә, келіңіздер, қандай шаруамен келдіңіздер? — дейді.

Сонда жігіт:

— Келдік. Сізді алғалы келдік, — деген екен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама