Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау.
Сабақтың мақсаты: сызықтық алгоритмдерді программалау кезеңіне түсінік беру, сызықтық алгоритмдерді программалауды практикада қолдана білуге үйрету, оқушылардың практикалық және логикалық дағдыларын қалыптастыру, компьютерде жұмыс істей білуін тереңдету, ой - өрісін және ақпараттық мәдениетін дамыту, жауапкершілікке, дұрыс ойлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсете түсіндіру, практикалық жұмыстар жүргізу
Қажетті құрал - жабдықтар: оқулық, компьютер, тақта, қосымша плакаттар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
- оқушылармен сәлемдесу;
- оқу кабинетінің санитарлық - гигиеналық жағдайын қарау;
- оқушыларды түгендеу.

ІІ. Өткен сабаққа шолу (білімді пысықтау)
- Сұрақтар беру:
1) Программа деп нені айтады?
2) Есепті шешудің қандай кезеңдері бар?
3) Программалау дегеніміз не?
- Практикалық тапсырмалар орындау:
1) Төмендегі өрнектерді Паскаль тілінде жазыңдар:

ІІІ. Жаңа материалды меңгеру әзірлік
Алгоритмнің жазылуының негізгі 4 түрі болады:
1) Қарапайым тіл арқылы
2) Түйінді сөздер арқылы
3) Блок - сызба арқылы
4) Программалау тілі арқылы
Алгоритм 3 түрге бөлінеді: сызықтық, тармақталу және циклдік.
Сызықтық алгоритм дегеніміз – іс - әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер.
Есептерді шешу кезеңдері:
1. Есептің математикалық жобасын белгілеу.
2. Есептің шешу әдісін таңдап алу.
3. ЭЕМ - нің ерекшелігін ескеріп, алгоритм құрастыру.
4. Программалау.
5. Программа жұмысын ЭЕМ - де тексеру.
6. Есепті ЭЕМ - де автоматты түрде орындау.

Сызықтық алгоритмдерді программалау. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама