Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда мәдениеттің дамуы: ғылым және өнер
Тарих пәні мұғалімі Жанаева Айжан Куанышбаевна

Қазақстан тарихы 9 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Мәдениеттің дамуы: ғылым және өнер
Сабақтың мақсаты: Соғыстан кейінгі Қазақстанда білім және ғылымның дамуы, әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктерді ұғындыру.
Білімділік: Қазақстанда мәдени құбылыстар жайында ғылым мен білімнің дамуында жетістіктермен қатар түрлі жағымсыз істердің орын алғандығы жөнінде білім - біліктілікті қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларға осы тақырыпты түсіндіре отырып, өз отанының тарихын білуге, мәдени құндылықтарымызды қастерлеуге дәріптеу. Оқушылардың бойына ұлтжандылық қасиетті қалыптастыру.
Дамытушылық: Қазақ мәдениетінің дамуы, қалыптасуы, қоғамдық ғылымдарда даму тенденциялары, жаңа ақын жазушылар мен ғалымдар туралы қосымша мәліметтер жинау.
Сабақтың түрі: Аралас
Әдісі: Электронды оқу жүйесі
Көрнекілігі: суреттер, кесте, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, өнер, дүние тарихы

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
Амандасу
Оқу құралын тексеріп, түгелдеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау:
«Ойлан да, тап?» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау
Кесте арқылы өткен сабаққа шолу
Жаңа сабаққа байланысты кестені пайдалану
Бекіту «келісемін, келіспеймін»

III. Жаңа сабақ жоспары:
1. Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы
2. Ғылымның дамуы
3. Көркем әдебиеттің дамуы
4. Өнер саласындағы жетістіктер
1946 жылы маусымда КСРО ғылым академиясы құрылды. Қазақстанда жаңа ғылым ордасын құруға көмектескендер: С. И. Вавилов, И. П. Бардин, А.М.Панкратова және тағы да басқалар болды. Академияның тұңғыш президенті болып Қ. И. Сәтбаев тағайындалды. (суреті)

Ұлы Отан соғысынан кейін ашылған жоғарғы оқу орындары:
• 1950 жылы КазМУ - де философия факультеті ашылды
• 1958 жылы Қазақ КСРҒА - ны философия және құқық институты құрылды
• 1961 жылы тіл білімі, әдебиет және өнер институттары ашылды
• «Партия тарихы» барлық ЖОО - да өткізілетін негізгі пәнге айналды
Көркем әдебиетті дамытушылар: М. Әуезов, Ғ. Мұстафин, Ғ, Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, суреттері мен шығармаларының атаулары көрсетіледі

Соғыстан кейінгі жылдарда дамыған салалары:
• Театр
• Музыка мәдениеті
• Опера және балет
• Көркемсурет

Театр саласында жаңа қойылымдар:
• М. Әуезовтың ʺАбайʺ драммасы
• Ә. Әбішев ʺДостық және махабатʺпьессасы
• Ш. Қ. Құсайнов ʺКеше мен бүгінʺ пьесасы
• Ә. Тәжібаев ʺЖалғыз ағаш орман емесʺ пьесасы

Жаңадан құрылған музыка ұйымдары:
• Қазақ мемлекеттік хор капелласы
• Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі
• Құрманғазы ұлттық аспаптар оркестірі
• Қазақ мемлекеттік филормониясы

Көркемсурет жаңалықтары:
• Қ. Телжанов ʺЖамалʺ, ʺАтамекенʺ
• С. Мәмбетов ʺШопан үніʺ, ʺСұхбатʺ
• Ә. Қастеев ʺАмангелдыʺ, ʺЖазʺ

IV. Сабақты бекіту:
1. Қазақ КСР Ғылым академиясы қашан құрылды? (1946)
2. Қазақ ҒА - ның тұңғыш президенті кім болды? (Қ. И. Сәтбаев)
3. «Абай жолы» романының авторы: (М. Әуезов)
4. Ғ. Мүсіреповтың романын ата? (Оянған өлке)
5. 1961 жылы ашылған институт: (Тіл білімі, әдебиет және өнер)
6. Ә. Қастеев шығармаларын ата? (ʺАмангелдіʺ, ʺЖазʺ)

V. Бағалау: топты бағалау
VI. Уй тапсырмасы:
a. Берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындау
b. Қазақ көркем әдебиеті мен өнерін дамытушылар жөнінде ақпараттар жинастыру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама