Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Күнделікті сабақ жоспары, география 7 сынып
Тақырыптар:
36 - сабақ. Солтүстік жарты шар материктері. Сарамандық жұмыс №3
37 - сабақ. Оңтүстік жарты шар материгі табиғатының ортақ белгілері мен өзіндік ерекшеліктері
38 - сабақ. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
39 - сабақ. Оңтүстік Американың климаты.
40 - сабақ. Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері


Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Солтүстік жарты шар материктері. Сарамандық жұмыс №3
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларды жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын ояту.
3. Тәрбиелік: Достыққа, қайырымдылыққа, сыпайылыққа, көпшіл болуға, бірін - бірі түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталуы: Карта, атлас карта, оқулық, қосымша материалдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

«Өз біліміңді тексер»
1. Солтүстік Американың географиялық орнының басты белгілерін атаңдар? Оның Еуразияның географиялық орнынан қандай айырмашылығы бар?
2. Гренландия аралы қай елдің құрамына кіреді?
3. Кардильера тау жүйесі неге меридиан бағытында орналасқан?
4. Материкте қандай пайдалы қазбалар кездеседі?
5. Солтүстік Америка мен Еуразиядағы табиғат жағдайларының ұқсас аудандарын атаңдар.
6. Солтүстік Американың қай бөлігінің табиғаты біздің жерімізге ұқсас болып келеді? Мысал келтіріңдер.
7. Солтүстік Американың жерінде шөлдер неге аз?
8. Солтүстік Америкадағы табиғаты көркем жерлерді атаңдар?
9. Материктегі табиғаты қатты өзгерген аудандарға мысал келтіріңдер.
10. Солтүстік Америкада қандай халықтар тұрады?
11. Солтүстік Американың ірі елдері мен олардың қалаларын табыңдар.
12. Картамен жұмыс
13. «Торнадо», «Ураган» бұл қандай құбылыстар?
14. Солтүстік Америка үндістері кеше және бүгін
15. Солтүстік Американың ұлттық саябақтары
16. Солтүстік Американың сирек кездесетін жануарлары.

Қорытынды: Канада, АҚШ бұл елдердің табиғаты, шаруашылығы, халқының тұрмыс тіршілігі басқа мемлекеттермен айырмашылық жасайды.
Үйге тапсырма: Тарауды қайталау, тест құрау, картамен жұмыс жасау және қосымша материалдар жинап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама