Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сөйлем. Сөз. Аққала
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сөз. Аққала
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мен сөздің арасындағы байланысты түсіндіру. Өлең туралы түсініктерін қалыптастыру.
ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын, сөздік қорын дамыту.
б) Сөйлем мен сөздің арасындағы ерекшелікті айыра білуге үйрету.
Жыл мезгілдеріне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті - құралдар: кеспе қағаздары, аққалалар
Пайдаланатын әдіс - тәсілдер; сұрақ - жауап,
Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді, қане, кім айтады?
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөз дегеніміз не?
- Сөйлемнің сөзден қандай ерекшелігі бар?
Үйге берілген тапсырманың бірі Абайдың «Қыс» өлеңін жаттау, жаңылтпашты жаттау.
- Өте жақсы
- Ендеше, кім дайын?

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
- Жылдың қанша мезгілі бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қысқы табиғатты кім сипаттап береді?
- Қыс туралы қандай ақындардың өлеңдерін оқыдық? Кім айтады?
Сергіту сәті

IV. Мақсат қою кезеңі
- Балалар, қыс қызығын кім айтады?
- Қыста сырғанақ тебеміз, тағы аққала жасаймыз.

V. Жаңа сабақ
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз да қыс мезгіліне байланысты болмақ. Оқулығымыздың 7 бетіне қарап 3 - жаттығуға қараймыз. Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.
Сырғанақ
Қыс қызығы басталды. Айбол жылы киінді. Ол шанасын алды. Төбеге барды. Онда сырғанақ тепкен балалар көп. Ойын қызықты болды.
2. Әңгімеде неше сөйлем бар?
3. Бірінші сөйлем қанша сөзден құралған?
3. Екінші сөйлемде кім туралы айтылған?
Соңғы сөйлемде не туралы айтылады?
Сергіту сәті
4 - жаттығу 1. Сөйлемдерді оқыңдар. Неше сөйлем бар екенін анықтаңдар. Күн суытты қар жауды аяз болды су қатты.
2. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына нүкте қойып көшіріңдер.
Келесі тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу. Аққала
VI. Жаңа материалды пысықтау
5 - жаттығу. Берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру керек.
Балалар, сырғанақ, жылы, олар, киінді, тепті.
Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазу. Сөйлем соңына қандай тыныс белгісін қойдыңдар.

VII. Бекіту кезеңі «Қысқы ойын» тақырыбына әңгіме құрастырып айту.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау. Сабақтың өн байына аққаланың бөліктеріне арналған тапсырмаларды орындай отырып, құрастырған қатарды мадақтау.
6 - жаттығу, 9 бет, жауаптарына қарай бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама